Өнер • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда дәл осылай деп аталған сурет көрмесі ашылды. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған өнер жәрмеңкесіне белгілі туындыгер Рашид Құлбатыровтың және қызы Жансаяның үздік туындылары қойылған. Суретші кенебінде тарихы тереңде жатқан ару Алматының өткені мен бүгіні, қазақ даласының тұмса табиғаты көз арбайды.
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Ташкентте жарық көрген «Терме»
Елордада орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мекеме қорында тұрған құнды жәдігерлерді онлайн таныстыру шарасын өткізуде. Бұл жолы көпшілік назарында 1925 жылы Ташкентте жарық көрген «Тәрбие, білім, әдебиет жайындағы мақалалардан терме» атты кітап ұсынылды.
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Жетісуда «Жақыныңа жанашыр бол» бастамасы аясында бірқатар жағымды іс атқарылды. Әсіресе, өткен жыл соңында мұқтаждарға жәрдемдесу мақсатында әр аудан мен қаланың өз мүмкіндіктеріне қарай көмір мен отын сатып әперу, азық-түлік жағынан көмектесу, балаларға жаңа жылдық сыйлықтар, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына қыстық киімдер, оқу құралдарын сыйлау, бір реттік қаржылай қолдау сияқты бірқатар қолдау шаралары жүзеге асқан.
Саясат • 22 Қаңтар, 2021
Қырғызстан үкіметі отставкаға кетті
Президенттің міндетін атқарушы, Жогорку Кенеш спикері Талант Мамытов премьер-министр мен Үкіметтің өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Мемлекет басшысының сайтында хабарланды.
Экономика • 22 Қаңтар, 2021
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылғы желтоқсанда халықпен тікелей жұмыс істейтін қаржы және өзге де ұйымдардың жарнама қызметіне жүргізілген мониторингтің қорытындысын жариялады.