Саясат • 22 Қаңтар, 2021
Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одақтың төрағалығына кірісуіне байланысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЕАЭО мүше-мемлекеттердің басшыларына жолдаған Үндеуін солтүстікқазақстандық кәсіпкерлер қуана қолдап отыр.
Ауыл • 22 Қаңтар, 2021
Ахуалың қалай, ауылдағы ағайын?
Жұрттың кәсібінің түріне орай әңгімелері де өзгеріп отырады. Қысқы ауылда аға буынның өткен жаздағы ағын су тапшылығының себебін айтып, арық-атызды тазалауға ерте кірісу қажеттігін жастарға тапсырғанын естідік. Көкөністі көптеп өсіретін ауылдағылар коронавирус биыл да кедергі болмас па екен деп алаңдайды. Енді бір ауылда қарияның ата-бабадан келе жатқан асыл дінімізді ардақтап, дәстүр мен діннің сабақтастығын ұлықтап, жастарға имандылық иірімдерін насихаттап отырғанына куә болдық. Ауылда артық әңгіме жоқ, көбінесе ертеңгі тірліктің қамы айтылады.
Саясат • 22 Қаңтар, 2021
ЕО-ЕАЭО: Еуроодақпен ынтымақтастықты дамытудан ұтарымыз көп
Қазақстанның 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақ төрағалығын қабылдауына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО-ға мүше-мемлекеттердің басшыларына жолдаған үндеуінде бірқатар маңызды мәселені көтерді. Президентіміз атап көрсеткен басымдықтар осы ұйымның алдағы 5 жылдағы бағытын айқындап берді.
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Бейсенбі күні таңертең Бағдадтың орталығындағы екі жарылыстан кем дегенде 28 адам мерт болып, тағы 73 адам жарақаттанды. Бұл – елдегі соңғы екі жылда болған алғашқы оқиға.
Пікір • 22 Қаңтар, 2021
Ілкіде интернеттен араб елдерінде ауқатты қожайындардың кейбір жабайы аң-құстарды асырап, дұрысы ермек қылып отырғанын көріп таңғалатын едік. Гепард, гиена, арыстан сияқты түз тағыларын кең сарайларында ұстап, қымбат көліктеріне отырғызып алатын мұсылман елдерінің байшыкештеріне таңдайымызды қағатынбыз да қоятынбыз. Кейінірек елімізде де қасқыр, тауыс сияқты аң-құстарды коттедждерінде ұстап отырған азаматтар туралы ести бастадық. Әлбетте, әуелі тордағы түз тағысына жаныңыз ашиды. Әйтсе де ен дала еркесінің еркіндігін шектегендердің қасында шектен тыс аңшылыққа бой алдырғандар қауіпті ме, қалай?!.