Ілкіде интернеттен араб елдерінде ауқатты қожайындардың кейбір жабайы аң-құстарды асырап, дұрысы ермек қылып отырғанын көріп таңғалатын едік. Гепард, гиена, арыстан сияқты түз тағыларын кең сарайларында ұстап, қымбат көліктеріне отырғызып алатын мұсылман елдерінің байшыкештеріне таңдайымызды қағатынбыз да қоятынбыз. Кейінірек елімізде де қасқыр, тауыс сияқты аң-құстарды коттедждерінде ұстап отырған азаматтар туралы ести бастадық. Әлбетте, әуелі тордағы түз тағысына жаныңыз ашиды. Әйтсе де ен дала еркесінің еркіндігін шектегендердің қасында шектен тыс аңшылыққа бой алдырғандар қауіпті ме, қалай?!.

Әнеугүні әлеуметтік желілерде кеңінен тараған Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың аң-құстардың тұлыптарына толы кеңсесінің фотосуреті көпшіліктің назарын аударды. Бұл жайт оқу орны басшысымен бірге түскен суретін әлеуметтік желіге жүктеген спортшы Жанқош Тұраровтың парақшасынан тараған болатын. Шамасы, жас спортшы да, сынға іліккен спорт және туризм академиясының жетекшісі де оқиғаның соңы бұлай белең алатынын аңдамай қалса керек. Желі қолданушылары, әсіресе «Қызыл кітапқа» енген қар барысының терісіне байланысты тиісті ведомствоның түсіндірме беруін талап етті.
Ал аталған келеңсіз көрініске қатысты ақпарат құралдарына ашық сұхбат берген Қ.Закирьянов бұл барыстың шынайы терісі емес, бар болғаны бедерін дәл берген жасанды дүние екенін айтып ақталды. Сондай-ақ ол Алматы қаласындағы кеңседе тұрған көз жауын алатын қымбат аң терілері мен тұлыптарының өзі заңды негізде аңшылықтан түскен олжалары екенін жеткізді. Оның айтуынша, қар барысының жасанды терісін туған күніне сыйлаған көрінеді. Ал қар барысының қасында тұрған сілеусін де сыйға тартылған екен. Десе де академия басшысы сілеусіннің «Қызыл кітапқа» кірмейтін жыртқыш екенін айтады. Бұдан өзге оның коллекциясында 30 шақты аң тұлыптары әр құрлықтан жиналған, соның ішінде Африка, Аустралия мен Жаңа Зеландиядан ауланған екен. Мәселен, үш жыл бұрын Оңтүстік Африка Республикасының үкіметінен сатып алған лицензия бойынша арыстанды атып алғанын мақтанышпен айтады. Тіпті аңқұмар отандасымыз африкалықтардың осы арқылы ақша тауып отырғанын, алайда заң бойынша аталығын ғана атуға рұқсат беретінін тәптіштеп түсіндіреді. Яғни бұл аңдар әйтеуір бір күні өз ажалынан өледі, әйтпесе басқа бір жыртқыштың жемі болады. Сондықтан бұл әрекетін қатыгездікке баламайтынын жеткізеді. Аңшылық құмарлығын философиямен астастырған оның тағы бір уәжі – тұлыптар мен терілердің өз меншігінде емес, академия иелігіне жататыны. Яғни директорлар кеңесінің арнайы шешімімен академияны насихаттау мақсатында, талапкерлер тарту орайында қаражат бөлінетінін, ал өзі – тек орындаушы ғана көрінеді. «Мәселен, шартты түрде биыл зоомузейге арналған жәдігерлерді толықтыру үшін 10 млн теңге бөлуге директорлар кеңесі шешім шығарады, осы іспен мен шұғылданамын», дейді Қ.Закирьянов.
Бұл олжаның барлығы кәсіби бағдарлау негізінде алынғанын алға тартқан академия басшысының айтуынша, әрбір университеттің өзінің бренді, хоббиі болғандықтан, Спорт және туризм академиясының көздеген мақсат-мұраты да жабайы табиғатқа, қоршаған ортаға, туризмге назар аударту. Ал қару-жараққа қатысты кез келген тексеру органының өкілі келсе де рұқсатнама құжаттары әзір екенін, бәрі заңды екенін айтады.
Бұл ретте Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева ведомствоға қарасты Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инспекциясының өте сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі бар қар барысының терісі белгілері бойынша жоғарыда айтылған айғаққа құқық қорғау органдарынан тексеру жүргізуді сұрағанын хабарлады.
«Түлкі түгінен жазады» дегендей, бағалы аң терілеріне әуестік бұрыннан бар. Дегенмен табиғатты қорғау бойынша құрылған қоғамдық қозғалыстар бұл қағидатты өзгертуге күш салып келе жатқаны аян. Әйтпесе тоқсаныншы жылдарда аю мен қасқыр сияқты аң терілері қазақстандықтар арасында да сәнге айналғаны белгілі. Бүгінгі таңда бұл үрдіске қарсылық білдірушілердің қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Қолда бар алтынның қадірін білген абзал. Әсіресе қоршаған ортаның бөлінбес бөлшегі – тірі жан иесіне... Ал Қазақ спорт және туризм академиясындағы таксидермия үлгілерінің заңдылығы алдағы уақытта анықталады.
Алматыда пәтер ұрылары ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 16:37
Алматыдағы перзентханада бір әйел қайтыс болды
Қоғам • Бүгін, 16:21
Қызылордада мұғалімдерге вакцина салынып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 16:09
Әскери полиция органдары туралы заң жобасы әзірленді
Қоғам • Бүгін, 15:57
Қазақстанда әйелдер кәсіпкерлігін дамыту бойынша орталықтар ашылады
Қазақстан • Бүгін, 15:50
Қылмыстық іс: Өскемендік тәрбиеші балаларға зәбір көрсеткен
Аймақтар • Бүгін, 15:40
Алматы коронавирус бойынша «сары» аймақта
Аймақтар • Бүгін, 15:34
Электронды еңбек биржасында сервистер жетілдірілді
Технология • Бүгін, 15:33
Оралда 17 жастағы жігіт көпірден секірді
Аймақтар • Бүгін, 15:18
Қарағандыдағы көпқабатты үйдің кіреберісінен тастанды нәресте табылды
Қоғам • Бүгін, 15:17
Алматы облысында 30 млн теңгенің жылқысын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 15:13
ШҚО тұрғыны пәтерінде оқ-дәрі сақтаған
Аймақтар • Бүгін, 15:05
Шахтада екі жұмысшыны топырақ басып қалған
Оқиға • Бүгін, 15:03
Аң аулау ережесін бұзғандарға қандай жаза қолданылады?
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Назарбаев орталығы мен Өзбекстанның Ислам өркениеті орталығы ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Қазақстан • Бүгін, 14:57
Қыздар университетінің ғалымдары 51 млн теңгенің грантын ұтты
Аймақтар • Бүгін, 14:55
Алматылық студенттер республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
Аймақтар • Бүгін, 14:52
Каратэден Қазақстан командасының бас бапкері бекітілді
Тағайындау • Бүгін, 14:50
Алматыда ағылшын тілінен өткен білім сайысы мәреге жетті
Білім • Бүгін, 14:40
Асқар Мамин Chevron басшылығымен кездесті
Қазақстан • Бүгін, 14:37
Дін саласы мамандарына арналған семинар басталды
Қоғам • Бүгін, 14:32
Сенатор қандастарға берілетін төлқұжатты Наурыз мерекесінде табыстауды ұсынды
Қазақстан • Бүгін, 14:15
Омарташылар мен марал өсірушілер қолдауға зәру
Қоғам • Бүгін, 14:00
Сенатор кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтергенді жөн санайды
Қоғам • Бүгін, 13:27
«Nissan Primera» көлігі жылқы соқты
Аймақтар • Бүгін, 13:25
Мажарстан инвесторлары Түркістан облысында күн электр стансасын салады
Экология • Бүгін, 12:56
Нұрлан Нығматулин Мәжіліс жанынан партияаралық Қеңес құруды ұсынды
Парламент • Бүгін, 12:53
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары ротацияланады
Білім • Бүгін, 12:46
Түркістан облысының білім беру саласында 29 қылмыстық құқық бұзушылық деректері тіркелген
Аймақтар • Бүгін, 12:36
Елорданың бас санитарлық дәрігері жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Бүгін, 12:35
Германиядағы локдаун 28 наурызға дейін ұзартылды
Әлем • Бүгін, 12:30
Карантинге байланысты қызметкерлердің тең жартысы қашықтан жұмыс істеуі керек
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Нұр-Сұлтанда базарлардың демалыс күндері де жұмыс істеуіне рұқсат етілді
Аймақтар • Бүгін, 12:29
Абзал Бейсенбекұлы Қаржы министрлігі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 12:19
Төтенше жағдай инспекторлары кәсіпорындардың жұмысын тоқтату құқығына ие болды
Қоғам • Бүгін, 12:14
Қазақстан елшісі Мәскеудегі Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте болды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Forte Challenger турнирінде 3 қазақстандық спортшы жұптық сында ширек финалға өтті
Спорт • Бүгін, 12:04
Мемлекеттік білім беру ұйымдарына педагогтерді конкурс арқылы қабылдау енгізіледі
Білім • Бүгін, 11:57
Қостанай облысында ақылы жолдар пайда болады
Аймақтар • Бүгін, 11:45
Түркістан облысында цирк, бильярд клубтары жұмысына рұқсат берілді
Аймақтар • Бүгін, 11:37
Түзеу мекемесі қызметкерлері қан тапсыруды міндет санайды
Аймақтар • Бүгін, 11:35
Қазақстан азық-түлік қауіпсіздігінің жаһандық рейтингінде позициясын жақсартты
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Түркістан облысында 62 жобаны іске қосу көзделуде
Аймақтар • Бүгін, 11:23
«Екібастұздың» бас бапкері орнын босатты
Футбол • Бүгін, 11:23
Дубайда Рамазан айына дейін бірқатар шектеу енгізілді
Әлем • Бүгін, 11:21
«Астана балет» театры гала-концерт өткізеді
Театр • Бүгін, 11:13
Қазақстандықтар жеңілдік сертификаты арқылы 6 мыңға жуық жаңа көлік сатып алды
Қазақстан • Бүгін, 11:09
ММА-ден 2021 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Қазақстан • Бүгін, 11:07
2021 жылы ана мен баланы қолдауға қанша қаржы бөлінеді?
Қазақстан • Бүгін, 11:04
Әлеуметтік кәсіпкерлік «ерекше» адамдар үшін жұмыс орындарын құруға көмектеседі
Қоғам • Бүгін, 11:00
Нұр-Сұлтанда қараусыз қалған желілер мәселесі қалай шешіліп жатыр?
Аймақтар • Бүгін, 10:48
Жоғарғы соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Қазақстан • Бүгін, 10:43
Теңгенің әлсіреуіне не әсер етті?
Қаржы • Бүгін, 10:33
2025 жылға дейін 11 мың шақырым автомобиль жолын ақылы ету жоспарлануда
Қазақстан • Бүгін, 10:22
Шетелден анықтамасыз келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 10:20
«Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Төлеген Байғұлов өмірден өтті
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Ұстаздар үйіндегі қайырымдылық
Аймақтар • Бүгін, 10:15
3 миллион қазақстандық медициналық сақтандырудан неліктен тыс қалды?
Медицина • Бүгін, 10:14
«COVID - 19-сыз саяхаттаймын» мобилді қосымшасы қандай көмек береді?
Қоғам • Бүгін, 10:10
Шымкенттегі «Аzala Тextile» - Қазақстандағы көшбасшы кәсіпорындар қатарында
Экономика • Бүгін, 10:10
Мемлекет басшысы елді дамытуға үлесін қосқан әйелдерге бейнеүндеу жолдады
Президент • Бүгін, 10:09
Нұр-Сұлтанда АХАТ органдарының 100 жылдығы аталып өтті
Аймақтар • Бүгін, 09:59
Түркістан облысында 16 заңсыз құрылыс нысаны сүрілген
Аймақтар • Бүгін, 09:57
Полиция алаяқтардан сақтануды ескертті
Қоғам • Бүгін, 09:48
Алматылық сақшылардың жеңілдікпен пәтер алуға мүмкіндігі бар
Қоғам • Бүгін, 09:37
Қоғам • Бүгін, 09:26
Ұқсас жаңалықтар