Ғылым • 29 Қаңтар, 2024
Сейсмограф құралын ойлап тапты
Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназияның 9-сынып оқушылары Айжан Жұмабекова мен Шұғыла Уалхан тұрмыстық қалдықтардан сейсмограф құралын ойлап тапты. Құралды сейсмикалық қауіпті аймақтарда, жаңадан басталған құрылыс нысандарында қолдануға болады.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2024
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымы Нұрзада Амангелдінің өнертабысы World Summit Awards әлемдік байқауының 2023 жылғы қысқа тізіміне енді. Бұл – БҰҰ беделді сыйлығының халықаралық сарапшылары тарапынан іріктелген отандық жалғыз жоба. Байқауға барлығы 180-нен аса мемлекеттен инновациялық әзірлемелер ұсынылған.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2024
Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу орталығының мәліметі бойынша, 23 қаңтарда сағат 00.09-да эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қырғыз Республикасы мен Қытай Халық Республикасының шекарасында болған жер сілкінісінен бірнеше аудандағы әлеуметтік нысандарға айтарлықтай зақым келген. Осыған орай жергілікті атқарушы органдармен бірлескен арнайы комиссия зақымданған нысандарды аралап шықты. Әлеуметтік маңызы бар 44 нысанның бүлінгені анықталды.
Құқық • 29 Қаңтар, 2024
Алаяқтықтың алуан түрін меңгергендер айылын жияр емес. Аңқау ағайынның қолындағы барын қағып, қалтасына салып кетіп жатқандарды құзырлы органдар құрыққа түсірсе де, қаржылық пирамиданың қитұрқы қағидаттарын мықтап меңгергендер қарапайым халықты сазға отырғызуын жалғастырып келеді.
Қылмыс • 29 Қаңтар, 2024
Жангелдин ауданының Ақкөл ауылындағы мектепте өткен жаңа жыл кеші 15 жастағы оқушының өлімімен аяқталды. Мерекелік кеште ауылға демалысқа келген колледж студенті мен 9-сынып оқушысының арасында туған кикілжің сырттағы төбелеске ұласқан. Оның арты белгілі – шалғай түпкірде жатқан аядай ғана ауылда бір әулет қара жамылып қалды.