Шаруашылық • 16 Қаңтар, 2024
Жүгеріні азайтып, қызылшаны көбейтеді
Жетісу облысы былтыр ауылшаруашылық саласында айтарлықтай жетістікке жеткенімен, әлі де шешілмеген мәселелер баршылық. Ескі техника, жүгерішілердің жайы, субсидия, салық секілді түйткілдер әлі де шешімін күтіп тұр. Осы проблемаларды шаруалар өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа айтты. Агроөнеркәсіп кешені саласының мамандарымен өзекті мәселелерді ортаға салып, ашық талқылады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Павлодар облысының тұрақтандыру қоры қыстың соңғы айлары мен ұзынсары келіп жететін кезеңге азық-түліктің жеткілікті көлемін сақтап отыр. Әлеуметтік маңызға ие азықтың 8 түрі бойынша арзан өнімдер қазір жергілікті нарыққа шығарылды. Ал көкөніс салынған қаптардың аузы тек ақпан айында ғана ашылады деп жоспарланған.
Елорда • 16 Қаңтар, 2024
Елордада студенттер мен оқушылар қашықтан оқиды
Бүгін, 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курс студенттері қашықтан оқу форматына ауыстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz Астана білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2024
Біздің елімізде поливинилхлорид (ПВХ) өндірісі жоқтың қасы деуге болады. Дегенмен таяу жылдар ішінде бұл олқылықтың да орны толатындай. Өткен жылдың аяғына таман «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) Түркістан облысындағы жаңа бір инвестициялық жобаға қаржыландыру ашты. «Састөбе» инновациялық кешені» компаниясы іске асыратын бұл жобаға каустикалық сода, ПВХ және кальций карбидін өндіру жөніндегі ауқымды бағыттар топтастырылған.
Қаржы • 16 Қаңтар, 2024
Елімізде ақша аудару жүйесі (ААЖ) арқылы халықаралық ақша аударымдарының көлемі айтарлықтай қысқарды. 2023 жылдың қаңтар-қазанында ААЖ арқылы шетелге жіберілген қаражат көлемі 806,9 млрд теңгені құрады, бұл былтырғы сәйкес кезеңдегіден 7,2 пайызға аз.