Театр • 15 Қаңтар, 2024
Ғалым Ахмедьяров: Мақсатымыз – ұлттық классиканы дәріптеу
Театр әлемі қыз-қыз қайнап жатпаса, оның несі өнер? Әр күн сайын ізденіске із салған ұжымдардың аяқ алысын бақылау да өз алдына қызық. Осы орайда еліміздегі жетекші өнер ордаларының бірі «Астана опера» театрына хабарласқан едік. Театр директоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров ұжымның жаңа жылға арналған жоспары, «Астана операның» мәдени орта қалыптастырудағы рөлі мен келешектегі қойылымдары, алдағы гастрольдік сапарлары және тағы да басқа жаңалықтары туралы айтып берді.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2024
Баянауылдағы беймәлім бейнелер
Баянауылдың Қаражар тауларындағы терең шатқалда ғалымдарға беймәлім ескі жартас суреттерінің құпиясы шөгіп жатыр. Жергілікті халық мұны әлдебіреулер қолдан салған десе, кейбір тарихшылар ол неолит дәуірінде түсірілген деп есептейді. Шатқалдағы ежелгі бейнелер коллекциясы шын болса, мемлекет қарауына неге алынбайды?
Сұхбат • 15 Қаңтар, 2024
Әлемдік статистика бойынша киноиндустрия мен кітап саудасын салыстырсақ, кітап шығару әлдеқайда көбірек пайда әкеледі. Әрине, қазақ қоғамы кітап шығаруда мұндай ғажайып нәтижеге жете қоймаса да, кейінгі уақытта кітап өндірісінің имиджі көтеріле бастағанын байқап жүрміз. Иә, бүгінде елімізде 300-ге жуық баспа мен 800-ге тарта баспахана жұмыс істейді. Қай баспадан қандай кітап шығып жатқанын, тауардың сапасы мен мазмұнын, баспалар арасындағы бәсекені дүкендер мен түрлі жәрмеңкеде көріп жүрміз. Мәселен, елордада өткен «Eurasian Book Fair-2023» VI еуразиялық халықаралық кітап көрмесінде «Жылдың ең үздік кітабы» марапатын «Arman-PV» баспасы иеленген еді. Еске салсақ, аталған баспа «Abai» әдеби-танымдық энциклопедиясымен Х халықаралық «Ұлы жібек жолы» көрмесінде де гран-приді қанжығасына байлады. Жуырда өндірісі өрге басып, өнімімен додаларда топ жарып жүрген «Arman-PV» баспасының бас директоры Дидара Әлинамен жолыққан едік.
Руханият • 15 Қаңтар, 2024
Көзі тірісінде-ақ ерен еңбегі еленіп, халық көсеміне айналған Дінмұхамед Қонаевтың орны бөлек. «Құдайдың сүйген құлы сол емес пе, Кемеңгер ұл Қонаев Дінмұхамед» деп ақындар жырға қосса, жұртшылықтың «Димекең», «Димаш аға» деп еркелетіп атауы сом тұлғаның ел жүрегінен елеулі орын алғанының айнымас айғағы.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2024
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылдың 24 қарашасындағы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» №456 Жарлығы аясында 2021 жылы Батыс Қазақстан облысында да жұмыс тобы құрылды.