Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022
Осы аптаның басынан Қарағанды облысында коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өсуіне және өңірдің «қызыл аймаққа» енуіне байланысты санитарлық-карантиндік режім күшейтілді. Бұл турасында өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Юрий Залыгин мәлімдеді.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022
«Қызыл аймақтағы» Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп барады. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы Гүлдана Бисембайдың мәліметінше, Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырудың алғашқы дерегі 2020 жылғы 28 наурызда тіркелген. Содан бері қауіпті вирусты 55 мыңнан астам адам жұқтырыпты.
Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022
Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен онлайн форматта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысы өтті.
Аймақтар • 19 Қаңтар, 2022
Алдыңғы тәулікте Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясының 213 жағдайы тіркеліп, «қызыл» аймаққа» енді. Өңірдегі ахуалға байланысты облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Алиннің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Коронавирус • 19 Қаңтар, 2022
Эпидемиялық ахуал: 16 өңір «қызыл аймақта» тұр
Еліміздегі эпидемиялық ахуал күрт нашарлап кетті. Қазір «жасыл аймақта» ешқандай өңір қалмады. Барлығы дерлік – «қызыл аймақта». Тек Түркістан облысы ғана «сары аймақта» тұр. Жағдайдың бұлай ушығуына коронавирус инфекциясының «Омикрон» штамының таралуы себеп болып жатыр. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен арнайы брифингте жан-жақты мағлұмат берілді.