Қызылордада облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен онлайн форматта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі облыстық жедел штаб отырысы өтті.

Қазір өңір «қызыл аймақта» тұр. Соңғы аптада індет жұқтырғандардың тәулігіне 300-ден асып бара жатқаны аймақта эпидемиялық жағдайдың күрделене түскенін көрсетеді.
– «Дельта» мен «омикрон» штамы таралып, жағдай ауырлай түсуде. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – жаппай вакциналау жұмыстарын жалғастыру екенін ұмытпаған жөн. Осы күні облыста екпенің I компонентін 418 154, екіншісін 392 943 тұрғын алды. Ал 30 213 адам ревакциналаудан өткен. Соған қарамастан ахуал ауырлай түсіп отыр. Әсіресе, екпе алуға қабілетті жасөспірімдерді вакциналау қарқынын күшейту керек. Шиелі, Жаңақорған аудандарда екпе баяу жүруде, – деді Г.Әбдіқалықова.
Жиында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Әлия Әбдіқайымова өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда вирус жұқтыру көрсеткіші 20 есеге өсіп отырғанын айтып өтті.
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов аймақтағы кәсіпкерлерлік нысандарында Ashyq қосымшасын пайдалану аясын ұлғайту бағытын баяндады. Бүгінде облыста 3 851 нысан осы қосымшамен жұмыс жасап отыр. Тұтынушылар арасында түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәбит Пазыловтың айтуынша, жыл басынан бері облыста 1 800-ден астам тұрғын індет жұқтырған. Ірі ошақ – Қызылорда қаласында. Аудандар арасынан Шиелі мен Жаңақорғанда вирусқа шалдыққандар саны көптеп тіркеліп отыр.
Өткен жылдың соңында саябырсып қалған вирустың қайта көбеюіне байланысты өңір басшысы инфекциялық стационарлардағы төсектік орын санын көбейту қажеттігін еске салды. Бүгінде 535 төсек-орын әзірленген. Қажеттілікке қарай оның санын 3 200-ге дейін арттыруға мүмкіндік бар. Сонымен қатар 142 мобильді топ үй жағдайында қызмет көрсетуде. Ал емханаларда 21 ахуалдық орталық жұмыс істеп тұр.
Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова оқушылар арасында індеттің таралу жиілігіне байланысты ұсыныстар айтты. Облыс орталығындағы бала саны 600-ден асатын мектептер онлайн оқуға көшсе, ауылдық мектеп шәкірттері офлайн білім алады. Сондай-ақ қашықтан оқитын мектептердегі 1-2 сынып оқушыларын дәстүрлі формат бойынша оқытқан жөн.
Штаб отырысын қорытындылаған аймақ басшысы жауапты салалық басқарма мен департамент басшыларына, қала және аудан әкімдеріне нақты тапсырма жүктеді. Мониторингтік топтар жұмысын жандандырып, тұрғындар арасында ревакциналауды күшейту керек. Тапсырмаға сәйкес облыстық денсаулық сақтау, білім басқармалары мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті қала, аудандар бойынша КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіретін кураторлар тағайындап, жасөспірімдерге екпе салудың іс-шара жоспарын әзірлеуге тиіс.
Қызылорда облысы
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
21 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Кеше
Белгілі этнограф, суретші Ералы Оспановтың кітаптарының тұсаукесері өтеді
Өнер • 20 Мамыр, 2022
Смайылов ТМД елдерін азық-түлік бағасымен күресте күш біріктіруге шақырды
Саясат • 20 Мамыр, 2022
Солтүстік Кореяда ковидке шалдыққандар саны 2 миллионнан асты
Әлем • 20 Мамыр, 2022
«Capital Bank Kazakhstan» АҚ салымшыларына кепілді өтем төлеу мерзімі аяқталады
Экономика • 20 Мамыр, 2022
Алматыдағы 3 жолайрықтың құрылысы келесі жылы аяқталады
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Астрахань-Маңғыстау» су құбыры күрделі жөндеуді талап етеді
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Маңғыстауда 10 мектептің директоры айыппұл төледі
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
«Ақ қауырсын» әдеби сыйлығының иегерлері анықталды
Аймақтар • 20 Мамыр, 2022
Ұқсас жаңалықтар