Тағзым • 15 Қаңтар, 2024
Алматыда танымал мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовті еске алуға арналған тағылымды іс-шара өтті. Тәуелсіз еліміздің тарихында іргелі істерімен айшықталған айтулы азаматтың туғанына биыл 80 жыл толып отыр. Руханият жанашырлары, қоғам қайраткерлері мен белгілі саясаткерлер бас қосқан тағзым іс-шарасында көрнекті тұлғаның өмір белестері, қайраткерлік қыры хақында өзекті ойлар айтылды.
Технология • 15 Қаңтар, 2024
Қара жұмысқа құлтемір жарап тұр
Бір ғасыр бұрын пайда болып, өмірімізге бірте-бірте енген роботтар біз өмір сүріп жатқан заманға әбден еті үйреніп қалғандай. Естіп, көріп жүргеннен кейін біз де оларға үйренісіп, таңырқамайтын болдық. Дегенмен құлтемір өнеркәсібі, құлтемір бизнесі қазақ қоғамына әлі де жат. Көру мен есту – бір бөлек, кәсіпке пайдалану тіптен бөлек. Ал Мұхаммеджан Дүзенов қоғам арасындағы қалып пен қорқынышты бұзып, роботтарды кәсіпке айналдырған. Оның роботтары 3 адам бір жыл істейтін жұмысты жалғыз өзі бір айда атқара алады.
Технология • 15 Қаңтар, 2024
Жасанды интеллект жаңалық ашты
Жасанды интеллектінің пайда болуын жаңалық деп жүргенде, нейрожелі өзі де жаңалық ашып үлгерді. Жасанды интеллект және суперкомпьютер көмегімен батарея жасауда қолданылатын литийдің орнын басатын жаңа зат ойлап табылды.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Таудай сезімнің түйсігі мен рухы
Жетпісінші жылдан былайғы ұрпақ арасында Мұхтар Шахановтың рухымен тыныстамағаны кемде-кем шығар. Кітап, газет-журнал оқымайтындар әндерге жазылған өлеңдерін тыңдап өссе керек. «Ғайша жеңгей», «Ғашықтық ғаламаты», «Жігерлендіру», «Төрт ана» сияқты шығармалары ауылдағы талай қара домалақтың бетін әдебиетке, өлеңге бұрғанын білеміз. Екімыңыншы жылдардың алғашқы онжылдығында ауылдағы әр қазақтың телефонынан Шаханов жырлары саңқылдап естіліп жататынын ұмыта қойғанымыз жоқ.
Әдебиет • 15 Қаңтар, 2024
Жазушы Гюстав Флоберден «Бовари ханым» кім?» деп сұрағанда «Бовари ханым – мен» деген-тін. Шын мәнінде, жазушы кім жайлы қалам тартса да, өзін жазады. Жан ойпатына түскен сан түрлі даму үрдісіндегі шашылған қиындыларды бейнелеп қағазға құяды.