Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Жүйкені жұқартқан желі жаңартылып жатыр
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев мұнайлы өңірге келген сапарында электр жарығының жиі сөнетініне назар аударып, «Атырау жарық» АҚ-ның жұмысын сынға алған болатын. «Атырау облысындағы тағы бір өзекті мәселе – электр желісінің тозуы. Оның 40 пайызға жуығы ескірген. Соңғы жылдары аймақта электр қуаты жүйесі дұрыс істемейтін болды. Өңірдегі энергия тапшылығы – шамамен 200 мегаватт. Облыста өзінің электр стансасын пайдаланып отырған кәсіпорындар бар. Бірақ олардың мүмкіндігі шексіз емес. Өнеркәсіп орындары дамып, халық саны көбейген сайын қуат көзіне деген сұраныс артады. Атырау облысының электр энергиясы жүйесін түгел жаңғырту жұмыстарын бастау қажет», деді Президент.
Қоғам • 15 Қаңтар, 2025
Әр жаңа жыл кірген сайын елді ең бірінші толғандыратын мәселе – әлеуметтік саладағы өзгерістер. Инфляция мен бағаның шарықтауымен қатар, биыл жалақы, жәрдемақы, зейнетақы да біршама өскені байқалады. Біз бұл жазбамызда биыл өсетін жалақы жағдайына аз-кем шолу жасамақпыз.
Пікір • 15 Қаңтар, 2025
Ақтау маңында Әзербайжан әуе жолдарына (AZAL) тиесілі Embraer E190 ұшағының апатқа ұшырауынан кейін көпшілікті «Әуе тасымалы қаншалықты қауіпсіз?» деген сұрақ мазалап жүр. Елімізде ұшақтан бас тартып, билеттерін пойызға ауыстырып жатқан адам көп. Жұрттың бұл қорқынышы мен абыржуы қаншалықты орынды? Ұшақ шынымен өмірге қауіпті көлік пе?
Медицина • 15 Қаңтар, 2025
Бірегей орталықтағы елеулі жетістіктер
Президент Іс басқармасы медициналық орталығының мүмкіндігі жылдан-жылға артып келеді. Саладағы үздік кадрларды жиған орталық озық технологияларды қолданысқа енгізу жағынан да көш ілгері. Сол тұрғыда мұндағы білікті мамандар өңір дәрігерлерімен стратегиялық байланыс орнатып, еліміздің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға көмектеседі.
Денсаулық • 15 Қаңтар, 2025
Үнемі шаршау синдромы: Себебі, салдары, алдын алу жолдары
Бел қайыстырған тұрмыстың талай тауқыметі техникаға артылып, жұрттың өзіне бөлетін уақыты көбейгенімен, жасына қарамай, қанша ұйықтаса да ұйқысы қанбайтын, әбден демалса да діңкелеп жүретіндер көбейді. Тіпті созылмалы әлсіздік балалар арасында да жиі кездесетіні байқалады. Әлбетте, бұл мәселеге әркімнің өз көзқарасы бар десек те, бітпейтін бір шаршаудың кілтипаны қайда, одан қалай құтылуға болады?