Тарих • 15 Қаңтар, 2025
Ел тарихының ұмыт қалған беттерінен
Астана қаласындағы «Жастар» шағын ауданы маңында орналасқан мұсылман зиратының жанынан өтіп бара жатып, міндетті түрде қол жаямын. Ескі қорымдағы марқұмдардың аруақтарына арнап құран бағыштаймын. Ел-жұрттың айтуынша, бұл қорымда талай адам мәңгілік орын тапқан. Солардың арасында белгілі де, белгісіз де есімдер бар.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Петропавл қаласының қоғамдық жолаушылар тасымалдау маршруттары қазір қала аумағының ұлғаюына байланысты ұзара түскен. Мәселен, былтырғы тасқын судан жапа шеккендерге салынған бір ғана «Бірлік» шағын ауданының бой көтеруімен осы жаққа жүретін автобус маршруты 14 шақырымға ұзарды. Осыған байланысты жаңа автобустар сатып алу міндеті де алға қойылды. Жуырда қала ішіндегі жолаушы тасымалдау автопаркі жаңадан екі Ютонг автобусын қатарға қосты.
Жәдігер • 15 Қаңтар, 2025
Түрік қағандығы туралы тағы бір мәлімет
Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясының Археология институты Моңғолияның Арханғай аймағындағы Номғон алқабында 2019 жылдан бері бірлескен археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп жатқаны белгілі. Академия ондағы Құтлұқ қаған бітіктасының төменгі бөлігіндегі бірсыпыра таңбаға «жан біткенін» мәлімдеп отыр.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Үш жүз саяжайға ауыл мәртебесі берілді
Ауылдан қалаға үдере көшкен халықтың дені саяжайларды жағалап, жаз маусымына арналған үй-жайдың орнына баспана салып, түбегейлі қоныстанғалы талай жылдың жүзі өтті. Басқалқа табылғанмен, жол мен жарыққа жарымау, ауызсу тапшылығы, тарифтің қалтаны қағар қымбатшылығы мұндағы халықтың басты проблемасына айналды. Осы тығырықтан шығудың жолы – саяжайларға «ауыл» мәртебесін алу туралы ұсыныстар әкім-қарарлардың есептік жиынында сан мәрте көтерілгенмен, шешім тауып мандытпады. Сөйтіп, әлеуметтік мәселелері жыл өткен сайын қордаланған саяжай тұрғындары тұрмыс тауқыметін аз тартпады.
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2025
Облыстағы жаңа аудандардың бірі Жаңасемей ауданында тұрғын үйлердің құрылысы қарқын алып келеді. Аудан басшысы Алмас Тастенбеков мәлім еткендей, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жұмыс жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр.