Аймақтар • 17 Қаңтар, 2019
Арыс қаласында үйлер пайдалануға берілді
Арыс қаласында тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған үйлер пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында қаладағы «Көктем» шағын ауданынан бой көтерген 3 тұрғын үйдің, яғни 108 пәтердің кілті баспанаға мұқтаж, үй кезегінде тұрған отбасыларға табыс етілді.
Әлем • 17 Қаңтар, 2019
Брексит: Британия Еуроодақтан қашан шығады?
Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасы 15 қаңтар күні Еуроодақпен Брексит процесі бойынша 2018 жылғы қараша айында жасалған келісімге қарсы дауыс берді. Нақтылай айтқанда, аталған келісімге 432 депутат қарсылық білдіріп, 202 депутат қолдады. Соңғы 100 жылда Британ үкіметі дәл осындай айырмашылықпен ұтылып көрмеген екен.
Парламент • 17 Қаңтар, 2019
Кәсіпкерлік жаңа белеске көтеріледі
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында еліміздің 1499 азаматы халықаралық, ал 1026 адамы мемлекетаралық іздеуде жүргендігі белгілі болды. Бұл жөнінде еліміз бен Иордан Хашимит Корольдігі арасындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттеуге арналған заң жобаларын талқылау кезінде айтылды.
Технология • 17 Қаңтар, 2019
Отандық «Кремний алқабының» халі қалай?
Өткен жылы Қазақстанның «Кремний алқабына» айналады деген үмітпен, асқаралы мақсатпен Astana Hub технопаркі ашылған-ды. Аз уақыт ішінде Astana Hub-тың стартаперлерге арналған павильоны лық толды.
Қазақстан • 17 Қаңтар, 2019
Абайдың сөзімен айтқанда «Жастықтың оты жалындаған, талаптың аты арындаған» буынды қолдауға арналған жыл басталды. Жастар жылында қандай шаралар қабылдануы керек? Жастарды не алаңдатады? Олар қандай қамқорлыққа зәру? Жыл бойы пайдасыз форумдар мен флешмобтар шеруінен көз аша алмай қалмаймыз ба? «Egemen Qazaqstan» газеті осы тектес сауалдардың жауабын тұрақты түрде оқырман назарына ұсыну үшін Жастар жылына арналған арнайы бет шығаруды қолға алып отыр.