Ұлыбритания Парламентінің Қауымдар палатасы 15 қаңтар күні Еуроодақпен Брексит процесі бойынша 2018 жылғы қараша айында жасалған келісімге қарсы дауыс берді. Нақтылай айтқанда, аталған келісімге 432 депутат қарсылық білдіріп, 202 депутат қолдады. Соңғы 100 жылда Британ үкіметі дәл осындай айырмашылықпен ұтылып көрмеген екен.

Үкіметтің сүрінген сәтін пайдаланған оппозициядағы лейбористер партиясының жетекшісі Джереми Корбин бірден үкіметке сенімсіздік вотумын жариялауды ұсынды. Ол кеше, яғни 16 қаңтар күні дауысқа салынуы тиіс болатын.
Жалпы, Брексит процесіне не түрткі болды?
Брексит – 2016 жылы Ұлыбританияның Еуроодақтан шығу процесі. Сол жылы маусымда өткен референдумда Британ халқының 51,9%-ы Еуроодақтан шығуды қолдаса, 48,1%-ы қарсы дауыс берді. Осылайша Британ елі еуроинтеграция бойынша өз ұстанымын анықтады, яғни «ортақ еуроотбасы» идеясынан іргені аулақ салуды жөн көрді. Одақтан шығуды құп көргендер мигранттардың көбеюін, Брюссельдің шексіз бюрократиялық талаптарын, Еуроодақты «асырау» үшін төленетін үлкен төлемдерді мәселе етіп көтерді. Ал одақ құрамында қалуды жақтаушылар Ұлыбританиядағы миллиондаған жұмыс орны Еуропамен байланысты, 200 мың британиялық компания сол Еуропамен сауда жасайды, елімізге күніне 66 млн фунт инвестиция Еуропадан келеді, ағылшын тауарының 44 пайызы Еуроодаққа сатылады, егер одақтан шықсақ, мыңдаған Еуропалық компания Британиядан кетеді, яғни жұмыссыздық басталады деп қарсы аргументін келтірді. Дегенмен, миграция мәселесі көптеген британиялықтың көкейіндегі мәселе болғандықтан ба, арал континеттен бөлек ғұмыр кешуді таңдады.
Алайда, Ұлыбритания Еуропадан қандай шарттармен ара-жікті ажыратпақ деген сауал референдумнан кейін алға шықты. Себебі Брит елі Еуроодақ аясында бірнеше халықаралық ұйымға мүше, ондаған халықаралық келісімге қол қойып, өзіне белгілі міндеттемелер алған еді. Егер қандай да бір ел сол міндетін орындамаса, онда айыппұлмен жазалануы тиіс. Осы және өзге де сұрақтарды келіссөздермен шешу үшін Британ үкіметінде Брексит бойынша арнайы министр де тағайындалды. Бірақ өткен 2,5 жылдағы ұзақ әрі күрделі келіссөздер қос тарап үшін, әсіресе Британияның премьер-министрі Тереза Мэйге үлкен сынақ болды.
Келіссөздердің тақырыбы келешектегі тауар саудасының шарттары, қос тарап азаматтарының еркін жүріп-тұруы, инвестиция, Ирландия мен Солтүстік Ирландияның шекарасы, Гибралтардың мәртебесі, Лондонның төлемақысы және басқалары болды. Әсіресе Ирландия мәселесі қазір Тереза Мэйдің ең осал тұсы. Өйткені Еуроодақ Ирландия Республикасы мен Британия құрамындағы Солтүстік Ирландия арасында шекара болмасын деген талабын қойып, оны өзгертпей қойды. Яғни Ұлыбритания Еуроодақтан шықса да, Солтүстік Ирландия Еуропаның кеден юрисдикциясында қалып қоймақ. Басқаша айтқанда, Лондонның бақылауынан шығады, елдің тұтастығы бұзылады деген сөз. Парламент мүшелері көтерген ең өткір мәселенің бірі осы болды.
Референдум өткен 2 жылда Брекситке қарсы болған азаматтардың болжамы орындала бастады. Ағылшын жерінде жайғасқан Панасоник, Дайуа, Номура секілді жапонның компаниялары мен банктері Еуропаға көшіп кетті. Bank of America 200 жұмыс орнын Лондоннан Парижге көшірді. Деутч Банк Лондондағы мекенін Франкфуртқа ауыстырды. Ал Британияның Ллойдс, HSBC және басқа банктері бірқатар филиалын Еуропаға жеткізді. Мыңдаған жұмысшысы бар Airbus пен BMW компаниялары Британиядағы зауыттарын жауып, кәрі құрлыққа аттанамыз деп қорқытып отыр. Ал тек былтыр ғана еуропалық 2300 профессор Англиядан көшіп кетті. Басым бөлігі Оксофрд пен Кембридж ұстаздары. Осы уақытта Ұлыбритания экономикасы 2,2 пайызға азайды. Егер Еуроодақты тастап шықсақ, онда бюджет аптасына 350 млн фунт үнемдейді деген саясаткерлердің болжамы орындалмады. Соңғы зерттеулер оның орнына Брекситтің кесірінен Британия аптасына 500 млн фунт жоғалтып жатқанын көрсетті.
Енді жағдай қалай өзгеруі мүмкін? Егер жоғарыда айтқандай, Парламент үкіметке сенімсіздік танытса, онда қазір биліктегі консерваторлар 2 апта ішінде жаңа үкімет жасақтауы тиіс. Егер консерваторлар партиясының ішінде соңғы Брексит шартын қолдамағандар көп болғанын ескерсек, онда жаңа үкіметті қазіргі премьер-министр Тереза Мэй басқармауы да мүмкін. 2016 жылы референдумнан соң премьер Дэвид Камэрон орнын босатқанда, ішкі істер министрі Мэй ханым дайын орынтаққа жайғасқан еді. Бұл жолы да осы сценарий қайталануы бек мүмкін. Ал егер Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын қолдамаса, онда кезектен тыс сайлау өту мүмкіндігі жоғары. Алайда, мұндай сайлау 2017 жылы ғана өткен еді. Сайлау бола қалса, қос партияның қайсысы басым түсетінін дөп басып айту қиын. Консерваторлар елдің Брексит-үмітін ақтамағандай, сол үшін біраз дауыстан айрылуы ғажап емес. Лейбористердің жұлдызы жанып, олардың жетекшісі Джереми Корбиннің алғаш рет билікке келу мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды. Ұлыбританиядағы белгілі yougov.co.uk сайтында дауыс берушілердің
39%-ы Консервативтік партияны, ал
36%-ы Лейбористік партияны қолдапты. Яғни әзірге мүмкіндіктер шамалас.
Жағдайдың келесі даму жолы – Ұлыбритания Еуроодақтан ешбір келісім жасамай шығады, бұл басқаша айтқанда «қатаң Брексит» деп аталады. Бұл нұсқаны кезінде Лондонның мэрі, Британияның Сыртқы істер министрі болған Борис Джонсон секілді саясаткерлер қолдайды. Бірақ Одақты бұлайша тастап шығу ел экономикасына ауыр соққы боларын Парламенттің біршама мүшелері түсініп отыр. Себебі Британияның экономикасы Еуропамен тығыз байланысты. Олардан ат құйрығын үзгендей, еш құжат жасамай, уағдаласпай кету ертең көптеген компанияға қиындық туғызады.
Еуропадан «ажырау» тым күрделі процеске айналып кеткен соң, Брексит бойынша екінші референдум өткізу мәселесі де жиі талқыланып келеді. Бірақ Британияның бас екі партиясы да 2016 жылғы халық таңдауын сыйлауға уәде берген. Яғни мемлекет Еуроодақтан шығуы тиіс. Ал жоғарыда айтылған yougov.co.uk сайтында енді Еуроодақ құрамында қалуға азаматтардың 46%-ы, шығуға 39%-ы дауыс беріпті.
Еуроодақпен былтыр қараша айында жасалған келісім Парламентте қолдау таппаған соң енді ереже бойынша Британ үкіметі 3 жұмыс күні ішінде жаңа құжаттың (баламалы жоспар) нұсқасын ұсынуы керек. Оны осындай қысқа уақытта жасау өте қиын болары сөзсіз. Біріншіден, соңғы келісімді жасауға келіссөздер 2 жыл жүрді. Екіншіден, Еуроодақ өкілдері қарашадағы келісімге ешқандай өзгеріс енгізбейміз деп отыр. Осы ұстанымды 16 қаңтар күні Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкердің «уақыт бітті, енді Британ үкіметі өзінің жоспарын бізге жеткізсін» деген туиті қуаттай түсті. Осылайша премьер Тереза Мэй қазір екі оттың (бір жағында өз Парламенті, екінші жағында Брюссель) ортасында қалғандай.
Енді Лондондағы жағдай қалай өрбісе де, алдын ала жасалған келісім бойынша Ұлыбритания ресми түрде 2019 жылдың 29 наурызынан бастап Еуроодақтың құрамынан шығады. Бірақ жаңа шарттар жазылған құжат сол мерзімге дейін жасала ма, әлде 29 наурызға белгіленген мерзімі кейінге шегеріле ме, әзірге белгісіз. Британ Парламентінің өткен сейсенбідегі дауыс беру нәтижесі жағдайды одан әрі күрделендіріп жіберді. Осыншама келіссөз, текетірес, дискуссия, еңбек 2016 жылы 3 пайыз басымдыққа ие болған халық таңдауын жүзеге асыру үшін ғана жасалып жатыр.
Нұрмұхамед БАЙҒАРА,
«Егемен Қазақстан»
Алматы облысында субсидия алмаған шаруа 3 жылдан бері әділдік іздеп жүр
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 07:22
Жылдың қорытынды турниріне қатысады
Спорт • Бүгін, 07:17
«Алтын сақа» үздіктері анықталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 07:15
Руханият • Бүгін, 07:09
Қоғам • Бүгін, 07:04
Қайырымдылық жобаларына 6 млрд теңге бөлген қор
Қоғам • Бүгін, 07:02
Руханият • Бүгін, 06:59
Аймақтар • Бүгін, 06:56
Елордада Сирияның болашағы талқыланды
Саясат • Бүгін, 06:50
Қоғам • Бүгін, 06:47
Қоғам • Бүгін, 06:43
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» эстафетасы басталды
Руханият • Бүгін, 06:42
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның отырысы өтті
Саясат • Бүгін, 06:39
Жымысқы жолмен кірістерді жылыстату қатаң қадағаланады
Парламент • Бүгін, 06:35
Президент • Бүгін, 06:27
Қоныс аударушыларды қолдау деңгейі қандай?
Қоғам • Бүгін, 06:26
Президент «Егемен» көтерген мәселе бойынша тапсырма берді
Президент • Кеше
Алматы облысында ит талаған жасөспірім көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі алғаш рет 1 трлн теңгеден асты
Экономика • Кеше
Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының ұлттық бірлестігі құрылды
Экономика • Кеше
Отандық жеңіл өнеркәсіп өндірушілерінің бірінші съезі өтті
Экономика • Кеше
Мәжіліс көші-қон процестерін реттеу бойынша Заң жобасын мақұлдады
Парламент • Кеше
Қоғам • Кеше
Алматыда мүсінші Шоқан Төлештің көрмесі ашылды
Руханият • Кеше
Атыраулық оқушы еріктілерге арналған мобильді қолданба ойлап тапты
Қазақстан • Кеше
Алматылықтар Мұрат Насыровты еске алды
Руханият • Кеше
Қазақстан Елшісі Латвия Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Қазақстан • Кеше
«Ұлы даланың ұлтаралық тілі» атты форумы өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Күзет қызметкерлері автокөлік айдап кеткен
Аймақтар • Кеше
Алматыда «Urban Conference» өтіп жатыр
Аймақтар • Кеше
Махамбет университеті үздіктерін анықтады
Қоғам • Кеше
Руханият • Кеше
«Жусан» операциясы жайлы қойылымның премьерасы өтті
Руханият • Кеше
Сәндік-қолданбалы өнер колледжі мамандарымен мақтанады
Руханият • Кеше
Бибігүл Төлегенованың шәкірті ұстазының құрметіне кеш өткізді
Руханият • Кеше
Түркістан облысында электронды түрдегі қызметтің үлесі – 88 %
Аймақтар • Кеше
Саз балшықтан қөлөнер бұйымдарын жасаудан шеберлік сағаты өтті
Руханият • Кеше
Алматыда патриоттық әндер кеші өтті
Руханият • Кеше
Қонаев музей-үйі мұрағатында 5 мыңнан астам кітап сақталған
Руханият • Кеше
Адамның даму индексі бойынша Қазақстан 189 елдің ішінен 50-орынға ие
Қазақстан • Кеше
Қалқаман Сарин жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қобыз бізге қай дәуірден жеткен?
Руханият • Кеше
Руханият • Кеше
Димаштың Нью-Йорктегі концерті қалай өтті (фоторепортаж)
Руханият • Кеше
Оралда «Business Power-2019» бизнес форумы өтті
Аймақтар • Кеше
Асқар Мамин жұмыс сапарымен Сан-Францискоға барды
Үкімет • Кеше
Батыс Қазақстан облысында газ кешені іске қосылды
Аймақтар • Кеше
Руханият • Кеше
Теннис: Испаниядан олжалы оралдық
Спорт • Кеше
Әлем мойындаған қазақстандық даму моделі
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар