Аймақтар • Бүгін, 12:27

Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті

19 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семей қаласының Шығыс кентінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті. деп хабарлайды Egemen.kz.

Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті

«Оқиға құрылыс дүкенінің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен ана мен бала дереу ауруханаға жеткізілген»,  делінген хабарламада.

Семей қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған.

Полиция департаменті көлік жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.