Қоғам • 16 Қаңтар, 2020
Елордада шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 3,1%-ға артты
Елордада 167 183 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 68 483 заңды тұлға, 98 364 жеке кәсіпкер және 336 шаруа қожалығы. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,1%-ды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020
Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізген келіншек ұсталды
Оқиға Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында болған.
Парламент • 16 Қаңтар, 2020
Сенатта «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру мәселесі қарастырылды
Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысында «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы қаралды. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Футбол • 16 Қаңтар, 2020
Футбол: Жылдың шартты құрамасы жарияланды
Уефа 2019 жылдың қорытындысы бойынша Еуропа құрлығында өнер көрсететін футболшылардың шартты құрамасын жариялады.
Қазақстан • 16 Қаңтар, 2020
Президенттік жастар кадр резервіне БҚО-дан 3 адам енген
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу жарияланған 4 ай ішінде Батыс Қазақстан облысынан 200-дей адам байқауда бағын сынап, іріктеу кезеңдерінен сәтті өткен 3 үміткер резервке енгізілген. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі БҚО бойынша департаментінің басшысы – Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаев мәлімдеді.