Қоғам • 16 Қаңтар, 2020

Елордада шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 3,1%-ға артты

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада 167 183 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның 68 483 заңды тұлға, 98 364 жеке кәсіпкер және 336 шаруа қожалығы. Өткен жылмен салыстырғанда өсім 3,1%-ды құрайды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.


Елордада шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесі 3,1%-ға артты

Шағын және орта кәсіпкерлік өкілдерінің тұрақты өсуі мемлекеттің кәсіпкерлік ортаның жай-күйін жетілдіру бойынша қажетті жағдайлар жасауының және қаладағы бизнес-ахуалды жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс жүргізуінің арқасында мүмкін болды.

Қазіргі уақытта елордада шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдауға бағытталған бірқатар бағдарламалар жүзеге асырылуда. Соның бірі – «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамыту бағдарламасы. Ол бойынша екінші деңгейдегі банктерде несиенің ең жоғары сомасы 2,5 млрд теңгеге дейін кредиттердің пайыздық көрсеткіштерін 40%-ға дейін субсидиялау, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85% - ға дейін және жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер үшін 50% - ға дейін кепіл мүлкін қамтамасыз ету мақсатында кепілдендіру, жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 млн теңгеге дейін мөлшерде мемлекеттік грант беру, бизнес нысандарының инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары іске асуда.

Жұмыспен нәтижелі қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы да сұранысқа ие. Осы бағдарлама аясында салалық шектеулерсіз 5 жылға дейінгі мерзімге жылдық 6% -бен 8 000 АЕК-ке дейін шағын несиелер беру, сондай-ақ ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін 85% - ға дейін және жұмыс істеп жүрген бизнес өкілдері үшін 50% - ға дейін кепілдік беру көзделген.