Аймақтар • 16 Қаңтар, 2020

Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізген келіншек ұсталды

714 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оқиға Балқаш ауданының орталығы Бақанас ауылында болған.

Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізген келіншек ұсталды

Патруль полициясы күдік туғызған «Тойота Карина» көлігін тексеру үшін тоқтатқан екен. Құжат тексеру кезінде тізгіндегі әйел адамның алколгольді ішімдік ішкені анықталды. Отыз тоғыз жастағы келіншектің мас күйінде көлік руліне отырғанын медициналық сараптама да айқындаған.

Айтпақшы, «Тойота Карина» көлігінің иесі бұған дейін де «қызып алып» көлік басқарғаны үшін айып төлеп, соттың шешімімен 3 жылға дейін автокөлік құралдарын басқару құқынан айырылған екен. Енді ауыл тұрғынын аса үлкен көлемдегі айыппұл мен қоғамдық жұмысқа жегу немесе 5 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.