Әлем • 01 Қаңтар, 2018
Ирандағы наразылық шерулері төртінші күнге ұласты
Бағаның өсуі мен тұрмыс деңгейінің төмендеуіне наразы болған ирандықтар 28 желтоқсан күні шеруге шықты. Наразы халық сондай-ақ Иранның халықаралық жанжалдарға қатысуына қарсы екенін білдіріп, елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиге қарсы ұрандарды айтуда. Шеруге шығушылар полиция қызметкерлерімен қақтығыcып жатыр. Наразылық шерулері кезінде екі адам қайтыс болды деп хабарланды. Әлеуметтік желі белсенділері олар полиция қолынан қаза тапты десе, билік жауапкершілікті «сыртқы күштерге» артты.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Аймақтар • 01 Қаңтар, 2018
Өскеменде жолдарды қардан аршу үшін 16 жаңа техника сатып алынды
Былтырғы қыс өскемендіктер үшін қатқылдау тиіп, көшелер мен жол бойындағы қар уақтылы тазаланбай қала басшылығына тұрғындар тарапынан сын-ескертпелер көп айтылған еді. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, биыл осындай олқылыққа жол бермес үшін шаһар билігі «кәрі құданы» күтіп алуға ерте бастан қамданыпты. Осы мақсатта Германиядан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен жол құрылысы саласының сарапшысы Эрвин Флейшерді арнайы шақырып, ақыл-кеңесін тыңдапты.
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Ёлка Сейітбайқызы Пограничник ауылындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте мұғалім болып еңбек етеді.
Күрес • 01 Қаңтар, 2018
Алматы облысының он жасар тұрғыны Жібек Құлымбет джиу-джитсу спортымен айналысып, талай жарыстарда топ жарып жүрген оқушы. Жібек сияқты жеңімпаз қыздарымыз көп қой, оның қандай артықшылығы бар десеңіз жоғарыдағы суретке қараңыз. Жібек қыздарды былай қойып, ер балалар арасында өтетін талай жарыстарда жігіттерге жүлде бермей жүрген жеңімпаз қыз.