«Неміс маманы техникалар санын көбейту қажеттігін айтты. Оның ұсыныс-пікірлерін ескеріп, «Foton» деп аталатын көпфункциялы 10 жаңа машина сатып алдық. Бұл техниканы қыста да, жазда да жол тазалауға пайдалануға болады. Сонымен қатар автопаркіміз 4 грейдермен және 2 шнекоротермен толықты. Өткен жылы грейдерлер жол үстіндегі мұзды тазалай алмағандықтан финдік мұз тазалағыш (ледокол) техника сатып алдық. Алайда қалада былтырғыдай қалың қар мен сірескен мұздың жоқтығынан бұл техникаларды әлі пайдалана алмай отырмыз. Әзірге қаңтарылып тұр», - дейді Өскемен қаласының әкімі Қуат Тұмабаев.
Неміс сарапшысы біздегі көбіне ашық-шашық жататын канализациялық люктардың орналасуына қатысты да өз ойын білдіріпті. Алмандық маман мұның көлік жүргізушілеріне қолайсыз екендігін айтып, Еуропа мен АҚШ-тағыдай жаяу жүргіншілер жолына орналасқаны дұрыс депті.
Азамат ҚАСЫМ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН