Үкімет • 29 Қаңтар, 2025
Халықтың әл-ауқатының сапасы – басты көрсеткіш
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысына еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын баяндап, алдағы кезеңде атқарылар негізгі міндеттерге тоқталды. Жиынға Үкімет мүшелері, Ұлттық банк төрағасы, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты.
Пікір • 29 Қаңтар, 2025
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысына бүкіл елдің назары ауды. Онда мемлекетіміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланды. Қазіргі жаһандық үдерістерді ескере отырып, алдымызға жаңа ауқымды міндеттер қойылды.
Салық • 29 Қаңтар, 2025
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткізілген брифинг барысында қосылған құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемесін көтеру жоспарына түсініктеме берді. Министрдің айтуынша, бұл өзгерістер бағаға әсер етсе де, ұзақмерзімді перспективада ел экономикасына оң серпін береді. Ол «Үкімет қосылған құн салығын 20%-ға көтеру деген шешімге әлі нақты келген жоқ» деді.
Пікір • 29 Қаңтар, 2025
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында еліміздің алдағы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты стратегиялық міндеттерді белгілеп берді. Президент сөзі биліктің барлық тармағы үшін нақты бағдар болып, еліміз жаңғыру, инновация және орнықты даму жолынан айнымайтынын көрсетті.
Сұхбат • 29 Қаңтар, 2025
Жандос Әубәкір: Мақсатымыз – жаңа буын абайтанушыларды қалыптастыру
Биыл хакім Абайдың туғанына 180 жыл толады. Бүгінге дейін абайтану саласында қандай жетістіктер бар, қазір нендей жұмыстар атқарылып жатыр және ақын мерейтойы қалай аталып өтпек? Осы сауалдарға жауап алу мақсатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Абай академиясы» ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жандос Әубәкірмен сұхбаттастық.