Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 01 Қаңтар, 2018
Кәрі өмірдің қақпасын қағып, сәби жыл аттаған кезде үш жүз алпыс бес күн ғана өмір сүретінін еш ойламай, Адам Ата зәузатына әлі ешкім біле қоймаған қуанышымен қабағат қайғысын да жасырып, күлімдеп кіріп келеді. Әлихан Бөкейхан «Жаңа стиль» деген немесе Григориян күнтізбесі аталған уақыт есебі бойынша ғұмыр кешіп келе жатқанымызды да ескеріп сөйлейміз. Жыл өткенде жақсы сөз айтатын, жыл күткенде жақсылық күтетін халқымыз ит жылында егінді ерте егіп, қысына даярлықты ерте бастайды екен. Ырымшыл мінезіне салып, қиындықтың өзін алда келе жатқан үлкен жеңілдіктің, жақсылықтың өтеуі деп қараған. Ит жылында дүниеге сәби көп келеді деп қуанады екен. Құдайдың өзіне ғана аян сырларды ықыласты дұғасымен сұрап алатын қазақ жүрегінен айналасың!
Таным • 01 Қаңтар, 2018
Елдің ертеңі бүгінгі қадамымызға байланысты
Қазіргі кезде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көпшілік тарапынан қолдау тауып отыр. Бағдарламалық мақала – Президентіміздің көп жылғы сарабдал саясатындағы ұстанымының жалғасы деп білеміз.
Қысқы спорт • 01 Қаңтар, 2018
Елена Хрусталева: Олимпиадада медаль болады!
Ең алдымен бүкіл қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен шын жүректен құттықтаймын. Барлық шаңырақта береке бірлік, бақыт орнасын. Биылғы жыл спортшыларымызға сәтті әрі табысты жыл болсын деп тілегім келеді.