Сұхбат • 11 Қаңтар, 2025
Заң мен тәртіптің алдыңғы шебіндегі Ұлттық ұлан
Әділетті Қазақстанды құру жолында заң мен тәртіп үстемдігін тұғырына қондыру – Ұлттық ұлан алдында тұрған басты міндет. Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік сақшылары 10 қаңтар күні кәсіби мерекелерін атап өтті. Атаулы күнге орай біз Ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы, генерал-майор Аңсаған Балтабековті әңгімеге тартқан едік.
Білім • 11 Қаңтар, 2025
«Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жас шетелде білім алды. Бұл өз кезегінде еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға айтарлықтай ықпал еткені анық. 30 жылдан аса тарихы бар стипендияның шарттары, талаптары жыл өткен сайын заман ағымына қарай жетілдіріліп, өзгертіліп отырды. Соған қарамастан осы бағдарламаны үйлестіруші ұйымға, жұмысына, жалпы бағдарламаға қатысты оң көзқарастармен қатар, сыни пікірлер де толастамай келеді. Жақында тағы да шу шықты, біз бұны да байыптап көрдік.
Шымкент • 11 Қаңтар, 2025
Бәсекелестікті күшейтетін бастама
Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде халықпен есептік кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025
Елімізде қабылданған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы бойынша Жезқазған қаласында алғашқы жоба жүзеге асты. «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-на қарасты жылу-электр орталығында жетілдірілген үлгідегі технологиямен жабдықталып, жаңартылған №8 қазандық іске қосылды.
Құқық • 11 Қаңтар, 2025
Әдетте тұтынушылар кәсіпкер ұсынған қызмет сапасына көңілі толмаса жылы жауып қоя салады. Мұндайда тұрғындар құқығы бұзылғанын білмейді немесе тұтынушылардың құқығын қорғайтын комитет барынан бейхабар. Дегенмен статистикалық деректерге үңілсек, тұтынушылардың құқықтық сауаты жылдан-жылға артып келе жатқанын байқаймыз.