Қоғам • 15 Қаңтар, 2020
Сонау күндей күркіреп өткен сұрапыл соғыста оқ бораған, отқа оранған майдан даласында фашистермен жан беріп, жан алысып шайқасқан жауынгерлермен бірге Ұлы Жеңіске партизандар да үлкен үлесін қосқаны тарихтан белгілі. Жау тылында жасырын жүріп, озбыр ойлы басқыншылардың жанын мұрнының ұшына келтіретін, үрейін ұшырып, шошытып оятатын халық кекшілдері небір ауыр айқаста олардың адымын аштырмай ойран салды. Біраз аумақты басып алып еркінсіген, есірген дұшпанның талайын жер жастандырды. Әскер, қару-жарақ тиелген жүк пойыздарын құлатты, деревнялардағы топтап қырылған жазықсыз бейбіт халықтың жақындарын жұбатты, Отанын сатқандарды (мұндайлар да кездесті ғой) сұлатты...
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Руханият • 15 Қаңтар, 2020
Отырар мен Сайрамның саңлақтары
Еліміздің Мемлекеттік хатшысы 2013 жылы Елбасының тапсырмасымен «Халық – тарих толқынында» атты бағдарламаны қолға алды. Арнайы комиссия құрды. Астанаға еліміздің бірқатар тарихшы ғалымдарын жинап жиналыстар өткізді. Ақылдасты. Осы іске Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арқылы біраз қаржы бөлінді. Біздің Шығыстану институтының ғалымдары да одан тыс қалған жоқ. Содан шығыстанушыларымыздың бірқатары Моңғолия, Қытай, Үндістан, Иран, Түркия, араб елдерімен қатар Еуропа жұртына да жіберілді.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2020
2019 жылы Қазақстан арқылы 19,4 млн тонна транзиттік жүк тасымалданды
Қазақстанның транзиттік әлеуеті жыл өткен сайын артып келеді. Және ол мүмкіндікті тиімді пайдалану бағытында нақты жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 14 Қаңтар, 2020
Алдағы күндерде ауа райы қандай болады?
«Қазгидромет» РМК 19-20 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамын жариялады.