Руханият • 14 Қаңтар, 2020
«Өз басыңа тілемеген істі біреуге істеме»
Рухани-адамгершілік құндылықтар, ұлттық-халықтық дәстүрлер, ізгілік пен сұлулыққа табан тіреген ғибратты аталы сөздер – қоғамның өркендеп-гүлденуіне кең өріс, халықтың тарихи санасының жетілуіне орасан мүмкіндік тудырады.
Аймақтар • 14 Қаңтар, 2020
Сарысу ауданы Жамбыл облысының шалғай аудандарының бірі. Жергілікті тұрғындар негізінен мал және бау-бақша, егін шаруашылығымен айналысады. Ал ертеден Талас өзенінің бойын ен жайлаған Тоғызкент және Досбол ауылдық округтерінің тұрғындары үшін бүгінде ағын су көкейкесті мәселелердің біріне айналған. Тоғызкент ауылдық округіне Тоғызкент, Майлыкөл, Әбілда елді мекендері қарайтын болса, Досбол ауылдық округінің құрамына Досбол, Шағалалы және Көкдала ауылдары кіреді. Алты елді мекен тұрғындарының жанайқайы бүгінде осы ағын су мәселесі.
Қоғам • 14 Қаңтар, 2020
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен бастау алған «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдегі оқу орындарында білім алып жатқан жастардың жартысына жуығы ғана жерсініп қалуда. Жалпыұлттық, қоғамдық жобадағы жақсы ниеттің жүзеге асуына не кедергі?!
Аймақтар • 13 Қаңтар, 2020
Қарағандыда 10 көшенің атауы өзгеретін болды
Бүгін Қарағандыдағы «Достық үйінде» облыс орталығындағы көшелердің атауларын өзгертуге байланысты қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Маңызы зор шараға адамның көп жиналғаны соншалықты, олардың көбі 400 орындық негізгі залға сыймай, іште болып жатқан пікірталасты сыртта тұрып экраннан тамашалады.
Президент • 13 Қаңтар, 2020
Президент Бақыт Сұлтановты қабылдады
Бақыт Сұлтанов Мемлекет басшысына ішкі және сыртқы сауданы дамыту, экспортқа шығарушыларды қолдау, интеграциялық үдерістер, ішкі нарықты контрафактілік өнімнен қорғау сияқты министрлік қызметінің негізгі бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.