Аймақтар • 11 Қаңтар, 2019
Газетіміздің ең егде оқырманы - Шәукей Жұқанұлы
Биыл жарық көргеніне жүз жыл толатын «Егемен Қазақстан» газеті ең алдымен ормандай оқырманымен еңселі. Ат жалын тартып мініп, азамат болғаннан күні бүгінге дейін басылымнан бір елі ажырамай, берен достықтан айнымай келе жатқан бекзада оқырманы барда, ғұмыры ғасырға жуық газеттің ұлтпен бірге жасай беретіндігі де өмір шындығы.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2019
Атырауда бала өлімі көбейіп тұр
Атырауда өткен жылы 176 нәресте бір жасқа толмай шетінеп кетті. Желтоқсан айының өзінде 23 сәби дүниеге келер-келместен көз жұмды. Әрқайсысы әр үйдің үміті, үміттің тым ерте сөнгенінен ауыр не бар? Жас анаға перзентханадан ұзақ күткен сәбиінің орнына өлімі туралы бір парақ қағаз ұстап шыққаннан ауыр не бар? Өкініштісі, өңірде бала өлімі көбейіп тұр. Ата-аналар дәрігерлерді біліксіз дейді, ал ақ халаттылар отбасын жоспарлау қағидасын ұстанбайды деп ата-анаға кінә артады.
Тарих • 11 Қаңтар, 2019
Кореяда табылған семсер ежелгі қазақ жерінде жасалған
Корея жерінде біздің дәуірімізге дейінгі 57-жылдары негізі қаланған Шилла деген мемлекет болған. Сол Шилланың көне астанасы – Кёнджу қаласы. Онда әйгілі «Тэрың уон» мәйіттер орны бар. Тура осы жерден табылған, кезінде Корея қоғамы үшін үлкен жаңалық болған алтын сапты семсердің жұмбағы нешеме жылдан кейін үлкен еңбектің арқасында шешілді және ол біздің Ұлы даламен тікелей байланысты болып шықты.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2019
Баспаналы болудың тиімді тетігі
Өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 100 мыңға жуық тұрғын үй, ал жалпы бағдарлама іске қосылғалы бері барлық қаржыландыру көздерінен 22 161 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2019
Қазақ елі – түркі әлемінің қара шаңырағы
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақ елінің адамзат тарихындағы орны туралы маңызды мәселелерді көтергені белгілі. Мақалада, әсіресе қазақтардың Түркі жұртындағы маңызды орны тағы бір рет айрықша аталып өтті.