Оқиға • 09 Қаңтар, 2025
Түркістанға қатынайтын әуе рейстерінің саны артады
Ішкі туризмді дамыту мақсатында Қостанай — Түркістан және Қарағанды — Түркістан бағыттары бойынша Түркістанға екі субсидияланатын әуе рейстері ұшатын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Энергетика • 09 Қаңтар, 2025
Дау бітті – делдалдар нарықтан кетті
«Тасымалдаушы» деген тонды жамылып, энергияны өндіруші мен тұтынушы арасынан қарпыта асауға дағдыланған делдал мекемелер көпшіліктің наразылығын тудырып жүр еді. Олар «тасымалдамай-ақ», Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) пен электр тасымалдауды, жабдықтауды ұйымдастыратын МӨЭК мекемелері халықты энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы емес пе? Бұл мәселе «Egemen Qazaqstan» газетінде де бірнеше рет қозғалды. Жаңа жыл қарсаңында көптен күттірген жағымды жаңалықты да естідік – Маңғыстауда делдал мекемелер энергия тасымалдау нарығынан кетті.
Төтенше жағдай • 09 Қаңтар, 2025
17 бала терезеден құлап кеткен
Қызылорда облысында былтыр 17 бала терезеден құлаған. Олардың барлығы жарақатына байланысты ауруханада емделіп шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Шымкент әуежайында жаңа терминал іске қосылды. Бұл шаһардың әуе қақпасының мүмкіндігін анағұрлым арттыра түспек. Инфрақұрылымдық жаңғырту бағытындағы ауқымды жоба сөзсіз қала өміріндегі айшықты оқиға болып тұр.
Қаржы • 09 Қаңтар, 2025
Қыруар қаржыны игерудегі икемсіздік жыл сайын байқалып қалады. Әкімдер жыл басында өңірлерге қомақты қаражат тартқанымен, қол астындағы қызметкерлерінің кәсібилігі жетіспейтіндей көріне береді. Миллиондар емес, миллиардтарды игере алмаған шенеуніктер ала жаздай ән салып жүре ме, әлде өз жұмысына тамсанып жүре ме, ол жағы белгісіз. Әйтеуір, жыл жабылар тұста бөлінген қаржыны игере алмай жандары алқымға тіреліп жатады. Жылдар бойы қалыптасқан «дәстүрдің» былтыр да бұзылмағаны қынжылтады.