Еңбек • 09 Қаңтар, 2025
Миллионнан астам мал қыстауға кірді
Павлодар облысында бүгінде 467 мыңнан астам ірі қара, 623 мың қой-ешкі, 279 мыңнан астам жылқы бар. Жылқыны қоспағанда қыстауларға бір миллионнан аса мал кірді.
Құқық • 09 Қаңтар, 2025
3 қаңтарда Астана-Щучинск жол учаскесінде ақтүтек боранның салдарынан 95 көлік ірі жол апатына ұшырағаны белгілі. Полицияның хабарлауынша, қазіргі таңда оқиғаға кінәлілер анықталып жатыр.
Еңбек • 09 Қаңтар, 2025
Тасы өрге домалап тұрған «Жайсаң» шаруа қожалығы өз ісін бастағанда үлесіндегі жер телімі тоқымдай ғана еді. Ақ адал еңбегінің арқасында қор жинап, игілігі елге ортақ болып тұр.
Білім • 09 Қаңтар, 2025
Тестілеуге 167 мың талапкер қатысады
Алдағы аптадан Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) басталады. Жаңа жылдағы алғашқы тестілеуге қатысу үшін 167 мың талапкер өтініш берген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31 мыңға көп.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2025
Өңірдегі медицинаның әлеуетін арттыру үшін жаңа технологиялар ғана емес, соның тілін білетін маман ауадай қажет. Осы орайда облыс әкімдігі мен Президенттің Іс басқармасы Медициналық орталығы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Мұндағы мақсат – инновациялық әдістемелерді дамытуда екіжақты білім мен тәжірибе алмасу. Сол арқылы жергілікті дәрігерлер білімін шыңдайды.