Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022
Ақмола облысында оқушылар қашықтан оқиды
Ақмола облысында мектеп оқушылары 31 қаңтарға дейін қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Бұл туралы брифинг барысында облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Омарханов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Экономика • 13 Қаңтар, 2022
Президент Парламент Мәжілісінде жасаған мәлімдемесінде азаматтармен қатар, бизнеске де қолдау көрсететінін, қираған дүниені қысқа мерзім ішінде қалпына келтіру керектігін атап өтті. Расымен еліміздегі жағдайға байланысты бизнес те шығынға батты. 12 қаңтардағы жағдай бойынша бизнеске келтірілген шығын көлемі 103,7 млрд теңгеден асты. Оның 102,2 млрд теңгесі – Алматының үлесінде. Ал осы миллиардтаған шығын көлемі қалай өтелмек? Мемлекеттің оған қауқары жете ме?
Тағайындау • 13 Қаңтар, 2022
БҚО денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Конкурстық комиссияның шешіміне және меритократия қағидасына сәйкес Арман Қалибеков БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өнер • 13 Қаңтар, 2022
Әлемдік киноиндустрияда анимациялық фильмдердің алатын орны ерекше, сондықтан да олар осы салаға жүздеген миллион доллар жұмсайды. Бұл шығын қысқа мерзімде әлденеше есе артығымен таза табыс болып құйылады.
Елорда • 13 Қаңтар, 2022
Коменданттық сағат кезінде жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат етілді
Коменданттық сағат кезінде елордада әуежай мен теміржол вокзалдарынан жолаушыларды қарсы алуға және шығарып салуға рұқсат беріледі. Міндетті шарт – билеттің (фото) және жеке басты куәландыратын құжаттарының өзімен бірге болуы, деп хабарлайды Egemen.kz.