Білім • 05 Қаңтар, 2024
Мектеп директорының орны неге бос?
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде орта білімнің деңгейін арттыру үшін батыл шешім қабылдау қажеттігіне және мұғалімдердің, директорлар мен педагогикалық оқу орындары түлектерінің көпшілігі Ұлттық біліктілік емтиханынан өте алмағандығына назар аударған еді.
Медицина • 05 Қаңтар, 2024
Саланың сапасы санмен өлшенбейді
Жыл аяғында бюджеттен бөлінген қаражатты игере алмаған мемлекеттік мекемелердің мәселесі алдан шығады. Қыруар қаржының есебін қалай берерін білмейтін кейбір салада ақшаның көзін оңды-солды жұмсап, кейде «желтоқсан синдромының» соңы жемқорлыққа алып баратын кездері де қылаң беріп жататыны белгілі. Ал жылына миллиардтап ақша бөлінетін медицина саласында жыл соңында – «баяғы жартас, сол жартас». Аурухана мен емханалар дағдарысқа түсіп, қарызға белшеден батады.
Денсаулық • 05 Қаңтар, 2024
Балаларға шипа – күрделі операциялар
Кейінгі жылдары Атырау облыстық балалар ауруханасында күрделі операциялар жиі жасалып жүр. Аурухана директоры Нұрғабыл Айтмұханбетовтің дерегіне сүйенсек, былтыр 11 айда – 3 480, оның ішінде 1 933 (55%) операция шұғыл түрде жасалған.
Ғылым • 05 Қаңтар, 2024
Экологияның ластануы, топырақтың құнарсыздануы мамандар түгілі студенттерді де толғандыра бастады. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4-курс студенті Ұлжан Қанатбек ізденіс ізіне түсіп, жаңа тыңайтқыш ойлап тапты. Айтуынша, су жаңа «экотыңайтқыш» топырақтың тығыздығын үстемелейді. Ең бастысы, тауықтың саңғырығынан жасалған өнім химиялық қоспадан ада екен.
Ғылым • 05 Қаңтар, 2024
Жаңғақ жейтін бе едіңіз? Бірден ескертейік, енді абай болғаныңыз жөн. Өйткені жаңғақ құрамынан бауыр обырын тудыруы мүмкін токсин табылды. Әсіресе шетелдерден әкелінетін жаңғақтарды жегенде мұқият болған абзал. Отандық ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр.