Аймақтар • 13 Қаңтар, 2022
Қостанай қаласының 62 жастағы тұрғыны Асылбек Есмағамбетов үйдегі шаруасының біразын әртүрлі техниканың бөлшектерінен өз қолымен құрастырып алған трактордың көмегімен тындырады. Шағын тракторға қуаты 13 ат күшіне тең қытайлық Lifan көлігінің қозғалтқышы қондырылған. Ауланың қарын күреп, шағын тіркемеге жүк тиеп тасуға осы шағын мотордың өзі-ақ жетіп жатыр.
Футбол • 13 Қаңтар, 2022
Әлемнің үздік командасынан үміткер
Танымал Futsalplanet.com интернет басылымының нұсқасы бойынша футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2021 жылдың ең үздік командасы атағынан үміткерлердің қатарына енді.
Өнер • 13 Қаңтар, 2022
Өмірдің қызығы мен шыжығы қатар жүреді емес пе, елімізде «Ер өліп, Есіл бұзылып жатқанда» Мысырдан Петропавлға қуанышты хабар жетті. Осындағы Хургада қаласында өткен «Мысыр – шоу әлемінде күн мекені» атты І халықаралық фестиваль-конкурста С.Мұқанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Sensitive би ансамблі Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Теннис • 13 Қаңтар, 2022
«Үлкен дулыға» жеңімпазын ұтты
Теннистен Қазақстанның бірінші, әлемнің 13-ші ракеткасы Елена Рыбакина Сиднейде (Аустралия) өтіп жатқан WTA 500 турнирін сәтті бастады.
Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022
Коменданттық сағатты бұзғандар көбейіп тұр
Елді елең еткізген оқыс оқиға көптің көңіліне уайым салғаны белгілі емес. Бұзақылардың кесірінен бұқара жұрттың басына бұлт үйіріліп, үйінен шыққысы келмейтіндей үрейленгені шындық. Дегенмен Мемлекет басшысының дер кезінде қабылдаған шешімі негізінде төңірегімізге төтенше жағдай енгізіліп, коменданттық сағат бекітілді. Оның өзі жанын шүберекке түйген жалпақ жұрттың жүрегіне жұбаныш сыйлағаны анық. Бірақ екі аптаға енгізілген төтенше жағдайды ескермей, коменданттық сағатты елемей жүрген жандар да жетерлік.