Футбол • 13 Қаңтар, 2022

Әлемнің үздік командасынан үміткер

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал Futsalplanet.com интернет басылымының нұсқасы бойынша футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2021 жылдың ең үздік командасы ата­ғынан үміткерлердің қатарына енді.

Әлемнің үздік командасынан үміткер

Сонымен қатар бұл номинациядан үміткерлер қатарында Қазақстаннан бөлек, Аргентина, Босния және Герцеговина, Иран, Жапония, Марокко, Португалия, Словакия, Өзбекстан мен Венесуэла құрамалары бар. Айта кетейік, былтыр футзалдан Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының үздік төрт командасының қатарынан көрінген еді.

Сондай-ақ футзалдан Қазақстан құрама­сының бас бапкері Рикардо Кака былтырғы жылдың «Ең үздік құрама бапкері» аталымына, ал «Қайрат» және ұлттық құрама қақпашысы, әлемнің бес дүркін үздік қақ­па­шысы Игита кезекті рет жылдың үздік қақ­па­шысы атағынан үміткерлердің қатарына енді.