Денсаулық • 04 Қаңтар, 2024
Трансплантация көмегімен тәуір болды
Трансплантологиядағы өзекті мәселелерді газетіміздің өткен сандарында бірнеше мәрте қаузағанбыз. Гемодиализге таңылған науқастардың ахуалы, мәйіттік донор тапшылығы туралы жаздық. Жақында бүйрек трансплантациясын жасатқан қала тұрғыны Бекболат Шерниязовпен қауышқанымыз бар. Сонда ауыр сырқаттан кейін, енді бойын тіктей бастаған азамат ерлікке татитын іске бел буған донорлардың қоғамдағы орны туралы орамды ой қозғаған еді.
Мектеп • 04 Қаңтар, 2024
Құрылысы бес жыл бұрын басталған «Ұлы дала» шағын ауданында қазіргі кезде жүзден астам тұрғын үй бар. Шағын аудан халқы орта мектептің тапшылығын айтып шағымданып жүретін. Енді, міне, сол олқылықтың орны толды. 1 200 орындық су жаңа мектеп пайдалануға берілді.
Білім • 04 Қаңтар, 2024
12 жылдық мектеп – уақыт талабы
Еліміз егемендік алғаннан бері білім сапасын көтеру мақсатында қыруар жұмыс атқарылып, қажетті жағдайлар жасалды. Соған қарамастан білім сапасы әлі де төмен. Оны халықаралық зерттеу нәтижелері де көрсетіп отыр. Еліміздің орта білім беру сапасын қалай көтеруге болады? Осы мәселе төңірегінде Педагогикалық ғылымдар академиясының басшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВПЕН әңгімелескен едік.
Өнер • 04 Қаңтар, 2024
«Астана Опера» және Вивальди, Пьяццолла...
Жаңа жыл қарсаңында «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен театрдың Камералық оркестрі елорда қонақтары мен тұрғындарына тамаша тарту жасады. Әсіресе Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Айдар Әбжахановтың жетекшілігімен орындалған италиялық барокко мен аргентиналық танго туындылары жұртшылықты жылы әсерге бөледі.
Тағзым • 04 Қаңтар, 2024
«Әупілдек», «Әпитөк», «Сәулем-ай», «Құдаша» сынды халық әндерімен қатар Біржанның «Жалғыз арша», «Жонып алды», «Ләйлім шырағын», Ақан серінің «Маңмаңгерін» және Шәмші Қалдаяқовтың әндерін шырқаған қазақ даласының бұлбұлы Рабиға Есімжанованың туғанына бүгін тура 110 жыл толды.