Аймақтар • 28 Қаңтар, 2022
Вирусты таратушыларға тосқауыл
Мұнайлы шаһар мен Жылыой ауданында орналасқан «Теңіз» кен орны қауіпті вирусты жұқтырушылардың саны көп тіркелетін ошаққа айналып отыр. Атырау қалалық эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Әсел Мұқаеваның айтуынша, былтырғы желтоқсан айында облыс орталығында аптасына 30-40 науқас тіркелген. Ал қазір мұнда тәулігіне 400-ге жуық адамнан қауіпті вирус белгісі анықталады.
Медицина • 28 Қаңтар, 2022
ӘМСҚ: Консультациялық-диагностикалық қызметті қалай алуға болады?
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына тұрғындар тарапынан медициналық көмек көрсету тәртібі мен МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар жиі түседі. Қор бұл бағытта тұрғындармен кері байланыс орнатып, тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3 301 өтініш-шағым түсті, олардың 41,4%-ы консультациялық-диагностикалық қызмет бойынша», деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
Медицина • 28 Қаңтар, 2022
Аз инвазивті артроскопиялық ота 55 жастағы пациентке қозғалыс еркіндігін сыйлады
Елордадағы Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы мамандарының көмегіне күнделікті жүздеген адам жүгінеді. Білікті дәрігерлердің кеңесін алуға елорда тұрғындары ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар келеді.
Бизнес • 28 Қаңтар, 2022
Ұлттық палата ұтқырлық танытты
«Қаңтар қасіреті» деп аталып кеткен елдегі төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлік саласы көп шығынға ұшырады. Теріс пиғылды топтар бизнес нысандарын қиратып, өртеп, тонады. Міне, дәл осындай алмағайып шақта мыңдаған кәсіпкердің басын біріктіріп отырған «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы едел-жедел қимылдап, зардап шеккен бизнес өкілдеріне қолдау көрсетті. Әрі-сәрі күй кешкен кәсіпкерлерге барынша демеу болды.
Қазақстан • 28 Қаңтар, 2022
ТЖД: Қосалқы бөлшектерге қаржы бөліне ме?
Өткен 26 қаңтар күні «Egemen Qazaqstan» газетіне өрт сөндіру бөлімдерінің бірқатар проблемалары қаузалған «Құтқарушыға да құтқарушы керек» атты мақала жарық көрген-ді. Өрт сөндірушілердің мақалада айтқан уәждеріне байланысты Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Е.Нұрпейісовке де ресми сауал жолдадық. Ал осы мақалаға департамент бастығының орынбасары, полковник Д.Титов берген жауапты пайдаландық. Тек, қайталанып кетпеуі үшін кейбір жауабы мақалаға кірістірілмеген еді. Бүгін толықтырылған ресми жауапты газетке толық беруді жөн көрдік.