Медицина • 28 Қаңтар, 2022

ӘМСҚ: Консультациялық-диагностикалық қызметті қалай алуға болады?

279 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалына тұрғындар тарапынан медициналық көмек көрсету тәртібі мен МӘМС жүйесіне қатысты сұрақтар жиі түседі. Қор бұл бағытта тұрғындармен кері байланыс орнатып, тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша
3 301 өтініш-шағым түсті, олардың 41,4%-ы консультациялық-диагностикалық қызмет бойынша», деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша филиалының баспасөз қызметі.

ӘМСҚ: Консультациялық-диагностикалық қызметті қалай алуға болады?

Қор консультативтік-диаг­нос­ти­калық қызмет алу мүм­кіндіктері туралы ақпарат ұсынады. Бейінді маман-дәрігерлердің консультациялары, КТ/МРТ, рентген және диагностикалық қызметтің басқа да түрлері МӘМС жүйесінде сақ­тандырылған азаматтарға ем­­деуші дәрігердің жолдамасы бо­йынша тегін көрсетіледі. Олар­дан қосымша ақы талап етіл­ме­уі керек. Егер емхана аталған қызметтерді өзі ұсына алмаса, онда орындау шарты бойынша пациенттің басқа клиникадан алуын­­ қамтамасыз етуге тиіс. Мін­­дет­ті әлеуметтік медициналық сақ­­тандыру жүйесі енгізілгелі бері денсаулық сақтау саласын қар­жыландырудың едәуір артуы көп­теген сұранысқа ие бағыттар бойынша медициналық көмек кө­ле­мін ұлғайтуға мүмкіндік бер­­ді.

Кез келген консультациялық-диагностикалық қызметті па­циент­ке емдеуші дәрігер тағайын­дай­ды. Ол науқастың жағдайын, шағымдарын, аурудың белгілерін зерделейді. Тиісті көрсетілімдер болса дәрігер КТ, МРТ немесе басқа да зерттеулер жүргізуге жол­­дама жазады. Қызметті жос­пар­­лы түрде алу үшін пациент «Сақтандырылған» мәртебесіне ие болуға тиіс, өйткені емхана дең­г­ейінде бұл қызметтер МӘМС ая­сында көрсетіледі.

ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көр­сете­тін медициналық ұйым Әлеу­мет­тік медициналық сақтан­ды­ру қорымен тиісті шарт жасасады және пациенттерге осы қыз­мет­тер­ді ұсыну бойынша мін­дет­те­мені орындауға тиіс.

«Қор тұрғындармен кері байланыс орнатып, тұрақты түрде жұмыс жүргізеді. 2021 жылы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 3 301 өтініш-шағым түсті, оның 41,4%-ы­ консультациялық-диаг­нос­тикалық қызмет бойынша: мыса­лы, бейінді мамандарға, диаг­ностикалық қызметтерге жете алмау немесе оны ұзақ күту, сол се­кіл­ді учаскелік қызметтерді (жалпы практика дәрігері, те­ра­певт-дәрігер, педиатр-дә­рі­гер), жедел медициналық көмек бригадасын ұзақ күту, т.б. Аза­маттардан «емхана көр­се­тілімдер болса да, өткізу мүм­кін­дігінің жоқтығына сілтеме жасай отырып, консультациялық-диагностикалық қызметке жібе­ру­ден бас тартады» деген өті­ніш­­терді жиі аламыз. Мұндай жағ­дайда, қызмет жеткізуші қор базасында тұратын медициналық ұйымдар қатарынан бірлесіп орындаушыны тартуға міндетті. Егер бірлесіп орындау шарты ешкіммен жасалмаса, онда пациентті осы қызмет түрі бо­йынша қормен келісімшартқа отыр­ған медицина ұйымдарының біріне жіберуге тиіс, жолдама бойынша көрсетілген қызмет қорытындылары негізінде шарт автоматты түрде жасалады», деп түсіндірді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Алайда пациент өз емханасына бармай, басқа меди­ци­на­лық орталықтарға тікелей барып, кон­сультациялық-диаг­нос­ти­ка­лық қыз­метті ақылы алатын жағ­дай­лар да кездеседі.

«Кейде біз әлеуметтік желі­лер­ден пациентке жолдама бе­ріл­­мегені және олар ақылы түр­де қызмет алғаны (мысалы КТ) туралы шағымдарды кө­ре­­міз. Мұндай жағдайларда пациенттің құқығын қорғаушы ретінде қор іске қосылады. Бірақ кейде тексеру нәтижесінде па­­циент тіпті өз емханасына жү­гін­бе­ген, бірақ дереу басқа жерде ақылы тексеруден өтуге шешім қабылдағаны анықталып жатады. Сондықтан азаматтарды ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қыз­мет­тер­ді пайдалануға шақы­ра­мыз. Егер проблемалар туын­да­са, ал­ды­мен емхананың Па­циентті қол­дау қызметіне хабар­ласып, өз құқықтарыңызды қорғаңыздар», деп кеңес береді ӘМСҚ елорда филиа­лының директоры Н.Қабды­қапаров.

Әлеуметтік медициналық сақ­тан­дыру қоры атап өткендей, 2022 жылы халыққа көрсетілетін меди­циналық көмекті қаржы­лан­ды­ру­ға 2,049 трлн теңге, оның ішінде ТМККК бойынша – 1,2 трлн, МӘМС бойынша – 838 млрд теңге бағыттау жоспарлануда.

Бұл ретте консультациялық-диаг­ностикалық қызметтерді қар­жы­­ландыру едәуір артады. Осы мақсаттарға 231 млрд теңгеден астам, оның ішінде МӘМС бо­йынша – 187,7 млрд теңгеден астам қаражат қарастырылған. Са­лыстырмалы түрде қарасақ, бір жыл бұрын аталған қызметтерге 203 млрд теңге бағытталды, оның ішін­де 167 млрд теңге – МӘМС бо­йынша.

Егер сізде консультациялық-диаг­ностикалық қызметтерді алу­ға қатысты мәселе туындаса немесе аталған қызметтердің көр­се­тілуіне қол жеткізе алма­са­ңыз, онда алдымен өз емхана­ңыз­­дың Пациентті қолдау қыз­ме­­тіне хабарласуыңыз қажет. Томогра­фияны немесе басқа да қыз­меттерді ұзақ күтіп, өту мүм­кін­дігі болмаған жағдайда, ден­саулық сақтау басқармасынан жағ­дайды нақтылай аласыз. Егер мәселені сол жерде шешу мүм­кін болмаса, онда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өзіңізге ыңғайлы тәсілмен өтініш беріңіз: fms.kz ресми сайты, 1406 байланыс орталығы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы және Telegram-дағы SaqtandyryBot.