Әлем • 29 Қаңтар, 2019
Ауаның ластануымен қалай күресеміз?
Жыл сайын Астананың аязына шыдау үшін жер үй тұрғындары от жағады. Желсіз, ауа температурасы 30 градустан төмен күндері елордада көк тұман. Қаланың «Оңтүстік-шығыс», «Көктал» сынды жер үйі көп аудандарында газ болмағандықтан, тұман осы аудандардан басталады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бұл мәселе осы жылдың желтоқсанына дейін «Сарыарқа» газдандыру жобасының аясында шешімін табады деген болатын.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2019
Маңғыстауда студент жастарға жайлы жағдай жасалады
Жатақхана – студенттер үшін маңызды мәселе. Ақтау қаласында да әртүрлі оқу орындарына, әсіресе колледждерге келіп студент атанған жастардың бірнеше жылдан бері шешімін таппай, күрделі жайтқа айналған түйткілінің бірі де осы болатын. Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті кампусының салынуы − өңірдің жоғары білім беру саласындағы үлкен жаңалық болды.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Экспорттық әлеует артып келеді
Қазақстанда жасалған 800-ге жуық өнім әлемнің 119 еліне экспортталады. Оның ішінде машина жасау және құрылыс материалдарына арналған өнімдермен қатар, тамақ, сүт өнімдері шетелде сұранысқа ие.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2019
Салық төлеушілер мәліметі жаңартуды қажет етеді
Салық органдарының мәліметтер қорын өзектендірмеу және ақпараттық жүйелерін жаңғыртпауы салық төлеушілерді түрлі қиындықтарға түсіруде. Соның салдарынан азаматтар салық берешектеріне байланысты қойылған шектеулерді шетелге шығар алдында ғана біліп жатады. Ел азаматтары соңғы жылдары кезігіп отырған бұл мәселелер Мәжілісте палата Төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаеваның төрағалығымен өткен Үкімет сағатында көтерілді. Депутаттар алдында «Салықтық және кедендік әкімшілендірудегі цифрлық технологиялар» тақырыбы бойынша Қаржы министрі Әлихан Смайылов баяндама жасады.
Өнер • 29 Қаңтар, 2019
Жазушыдан драматургке айналу қиын
Айдана Аламан – жас драматург. 2012 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының драматургия факультетін Сұлтанәлі Балғабаевтың шеберханасы бойынша бітірген. Бүгінде М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты «Театр және кино» бөлімінде қызмет ететін талантты драматургтің 2017 жылы М.Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрында «Жүрегімнің иесі» атты пьесасы сахналанып, содан бері аншлагпен жүріп келеді. Сондай-ақ Айдана кеңестік драматург Н.Эрдманның «Самоубийца» пьесасын аударып, әкемтеатрдың сахнасында «Жанқимақ» деген атаумен 2018 жылдың қараша айында алғашқы премьерасын өткізген.