Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
«ОАЭК» АҚ апат күндері орталық жылу жүйесінен ажырап, қақаған аязда электр жылытқыштармен жан сақтаған пәтер иелеріне электр қуаты үшін өтемақы төлеуге шешім қабылдады. Қаладағы әр абоненттің есепшотына шамамен 5 мың теңгеден жіберіледі. Дей тұрғанмен, шаһардағы 30 үйде жылу параметрлері қалыпты норманы әлі де бағындыра алмай отыр.
Ауа райы • 10 Қаңтар, 2023
Соңғы тәуліктерде ат құлағы көрінбейтін ақ түтек боран соғып, өкпек жолаушыға қауіп-қатер көбейген. Апат айтып келіп тұрса да, мән бермейтіндер әлі де аз емес. Таяуда Ерейментау ауданында орын алған оқыс оқиға дүлей табиғатпен тайталасуға болмайтынын көрсетіп берді.
Оқиға • 10 Қаңтар, 2023
Жыл басы еліміздің біраз аймағында ақтүтек боранмен басталды. Ал ат құлағы көрінбес боранды күні Зайсан ауданында ерекше жағдай орын алды. Бұл қайсарлық пен ерлікті елемей кету мүмкін емес.
Хоккей • 10 Қаңтар, 2023
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Астананың «Барысы» Владивосток қаласында жергілікті «Адмирал» клубымен өткізді.
Технология • 10 Қаңтар, 2023
Ендігі жерде сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. Қызмет онлайн режімінде қолжетімді және тегін көрсетіледі.