Технология • 10 Қаңтар, 2023

Ақпарат алу қолжетімді

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ендігі жерде сыбайлас жемқорлық қылмыс туралы ақпаратты eGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасынан алуға болады. Қызмет онлайн режімінде қолжетімді және тегін көрсетіледі.

Ақпарат алу қолжетімді

Осылайша, азаматтық қызметке кіру кезінде, квази­­мемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа ор­на­ласу кезінде сыбайлас жемқорлық қылмыстың болуы немесе болмауы туралы мәліметтер алуға болады.

Бұған дейін мәліметтерге Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті және оның өңірлік басқармалары азамат­тар­дың жеке өтініштері бойынша «Е-otinish» азамат­тардың өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірың­ғай платформасы арқылы қол жеткізуге болатын.

Мәліметтер жұмыс берушіге ұсынылғаннан кейін, жұмысқа қабылдау туралы шешімді жұмыс беруші қабылдайды. Еңбек кодексіне сәйкес, сыбайлас жем­қор­­лық қылмыс жасаған адамды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жұмысқа орналасуына жол беріл­мейді. Бұл жаңартулар Қазақстан Республикасы Прези­дентінің бюрократиядан арылту туралы Жарлығы шеңберінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн, оның маңыздылығы – мемлекеттік басқарудың барлық салаларын цифрлық трансформациялау және жүйелі өзгерту.

«Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау туралы мәліметтер мемлекеттік қызмет пен ква­зимемлекеттік сектордың болашақ қызметкерлері үшін қажет. Қолайлы болу әрі уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік органдармен бірлесіп, оны онлайн форматқа ауыстырдық. Бұл қызмет түрі іске қосылған сәттен бастап 98 мыңнан аса адам мәлімет алды. Сонымен қатар жақын арада біз қызметті үшінші тұлғалардың сервисі арқылы іске қосамыз», дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.

Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік қызметтер комитеті мен Бас прокуратураның бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.