Аймақтар • 10 Қаңтар, 2023
Жабыққан Жаңатас, қамыққан Қаратау
Қоңыржай белдеуде мамыражай тіршілікке еті үйренген жамбылдықтарды қаһарлы қыс қатты қыса бермейді. Әйтсе де, жыл айналып соғатын бұрқасын боран арагідік жергілікті халықты әбігерге салатыны бар. Бүгінге дейін де Қаратау мен Жаңатас қалаларында сан рет боран ұйытқып, талдар сынған, бораннан электр бағаналары құлап, халық жарықсыз қалған сәттер жиі ұшырасқан.
Медицина • 10 Қаңтар, 2023
Қазір қоғамда балалар арасында белең алған бір кесел – аутизм. Ашық ресурстағы деректер аталған сырқаттың әлемде де көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы мәліметтер осы күні көп. 2000 жылдармен салыстырғанда қоғам да бұл балаларға қандай көмек керектігін жақсы біле бастады. Көпшілігінде ем қонбайтын дерт дегенімен, ертерек алдын алса, баланың ортаға бейімделуіне, бұйығы әлемінен бері қарай шынайы өмірге шығуына мүмкіндік барын да ешкім жоққа шығармайды.
Теннис • 10 Қаңтар, 2023
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында шымылдығы түрілген екінші турнирінде де сәтсіз өнер көрсетті.
Сұхбат • 10 Қаңтар, 2023
Қайырымдылық кәсібилікті қажет етеді
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы атынан бірыңғай қайырымдылық қызметімен айналысатын «Samruk-Kazyna Trust» қорының 2022 жылғы 10 млрд теңге қайырымдылық бюджеті 40-тан астам ірі әлеуметтік жобаға жұмсалды. Нәтижесінде, соңғы 12 айда 370 мыңнан астам қазақстандыққа қолдау көрсетілді. Оның ішінде 55 мың бала мен ауылдағы 95 мың қазақстандық тиісті жобалардың игілігін көрді. Қордың бас директоры Альфия АДИЕВАНЫҢ айтуынша, «Samruk-Kazyna Trust» қалың бұқараға маңызды түйткілдерді тарқатуға арналған әлеуметтік жобаларды іске асырып келеді. Бағамдағанымыз, атқарылған шаруа аз емес. Осы орайда сұхбат берушімен әңгіме барысында халықтың неғұрлым осал топтарын қолдау, қайырымдылық қаржысының жұмсалуының ашықтығы, өзге де өзекті мәселелер жөнінде сауал қойдық.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
Былтыр Астанадағы әуежайда Fast Track қызметін 18,5 мың жолаушы пайдаланған. Fast Track қызметі елордалық әуе айлағында тіркеуден және тексеруден жедел өтуге мүмкіндік береді.