Саясат • 10 Қаңтар, 2023
Көппартиялық жүйе саяси бәсекелестікті арттыра ма?
Әлеуметтік топтар мен қалың бұқараның мүддесін көздейтін, азаматтардың саяси құқықтарының теңдей қамтамасыз етілуіне кепілдік бере алатын көппартиялық жүйе – демократиялық қоғамның басты ерекшелігі. Сол себепті де демократиялық процестерді ілгерілетуде көпшіліктің жаппай қолдауына ие болған, көздеген мақсаты айқын әрі пікірін іркілмей ашық жариялайтын, жауапкершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті партиялардың қалыптасуының маңызы зор.
Экономика • 10 Қаңтар, 2023
Өнеркәсіп – ұлттық экономиканың күретамырына айналған маңызды сектор. Себебі мұнда пайдалы қазба мен басқа да табиғи шикізатты өндіруден бастап, өңдеуге машықтанған әрі халыққа алуан түрлі тауарлар шығарып, ұсынатын кәсіпорындардың қызметі жолға қойылған.
Қоғам • 10 Қаңтар, 2023
McDonald’s Қазақстаннан неге кетті?
Соңғы бірнеше күнде McDonald’s-тің Қазақстан нарығынан кетуі қоғамда көп талқыланды. Әлбетте, жейтін ауызға дәмді бургер қашанда табылады ғой. Бірақ McDonald’s секілді әлемдік брендтің біздің нарықтан жылыстауы шетел инвестициясына иек артып отырған еліміздің беделіне нұқсан келтірері анық. Дегенмен аталған жағдайға қатысты құзырлы мекемелердің де айтар уәжі бар екен.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023
Абай облысының кейбір аудандарында сабақ қашықтан өткізіледі
10 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Семейде бірінші ауысымның 1-11 сынып оқушылары және колледж студенттері қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Футбол • 09 Қаңтар, 2023
Гвардиола Бразилия құрамасын жаттықтырудан бас тартты
«Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гвардиола Бразилия құрамасын жаттықтыру ұсынысынан бас тартты, деп хабарлайды Egemen.kz vesti.kz-ке сілтеме жасап.