Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
Берлинде «Жасыл Орталық Азия» қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бастама басталды
Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуроодақтың Орталық Азия мен Ауғанстан үшін жаңа стратегиясын іске асыру шеңберінде Германия бастамашылық еткен климатты қорғау мәселелері жөніндегі «Жасыл Орталық Азия» аймақтық интеграциялық жобасын іске қосу жөніндегі жоғары деңгейдегі конференцияға қатысты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бокс • 29 Қаңтар, 2020
Өзбек боксшысы сегізінші жекпе-жегінде әлем чемпионы атағы үшін айқасады
Қазақстандық былғары қолғап шебері Қайрат Ералиевті Рио-2016 Олимпиадасының 1/8 финалында жеңген өзбек боксшысы Муроджон Ахмедалиев (7-0, 6 КО) WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы атағы үшін америкалық Даниэл Романмен (27-2-1, 10 КО) жекпе-жекке шығады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Айдаладан авиациялық бомбаға ұқсас заттар табылды
Қаңтардың 26-сы күні Батыс Қазақстан облысы Қазталов аудандық полициясының кезекші бөліміне айдаладан авиабомбаға ұқсас зат табылғаны туралы хабар түскен.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік қызметіне кіріскеніне бір жыл толар уақытта «Жаңа экономикалық бағыт» деген атаумен реформалардың ауқымды пакетін әзірлеу қолға алынғанын жария етті. Бұл жаңа бағыт бұрынғы даму жолымыздан шығу дегенді білдірмейді. Сабақтастық – мемлекеттің берік ұстыны. Жаңа тарихымыздың өткен үш онжылдығында мемлекеттік биліктің дәстүрлері мен институттары орнығып, экономиканың базисі қалыптасты, халықтың жаңа буыны өсті. Жаңа экономикалық бағыттың қажеті сол – бұл кешегі кезеңнен айтарлықтай ерекшеленетін қазіргі күннің шындығына негізделген.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Уханьдағы 61 студент елге қайтады
Елімізде коронавирустың алдын алу шаралары жүріп жатыр. Кеше арнайы брифинг өткізген Қазақстанның бас санитарлық дәрігері сақтық шараларына қолданылатын медициналық құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті екенін жеткізді.