Полицияға хабарласқан ауыл тұрғыны, «Қазақия» ЖШС қорықшысы Қараөзен ауылдық округіне қарасты Жас ауылынынан 3 шақырым қашықтықта, «Сарышанақ» қыстағы маңында авиациялық жарығыш затқа ұқсас снаряд тауып алғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына барған Қазталов аудандық полиция қызметкерлері аталған жарылғышты және айналаны тексеру барысында дәл осындай тағы бір снаряд тапты. Екі снарядтың да ұзындығы – 150 см, диаметрі – 40 см.
«Қазіргі уақытта қауіпсіздік шараларын қолдана отырып, полиция қатарынан қоршау қойылды. Снарядтар арнайы саперлар мен мамандардың көмегімен жойылатын болады» деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.