Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Былтыр еліміз балдырғандарға барынша жағдай жасады. Соған бір дәлел – ауыл-аймақтардағы балабақша санының артуы. Жақында Жетісуда екі бірдей нысан ел игілігіне берілді. Бірі – ел көптен күткен балабақша болса, екіншісі – заманға сай жабдықталған оқу орталығы.
Әдебиет • 09 Қаңтар, 2023
Бодлер... Ол дәуір тудырған данышпан ойдың ағыны, шеңберге сыймас ғасырдың бұла перзенті. Күнделігінде болашаққа тіл қатып, «Сіздер мені сүю арқылы Сұлулыққа қызмет етулеріңіз үшін, мен барлық қағидаттардан тыс ойлаймын...», деген ой қалдырады. Бодлер дүниенің құбыжық жауыздығы мен асқан сұлулығын қатар көре білді. Ол «қайыршылықтан, аурудан, мелонхолиядан арылудың жалғыз жолы ізденіске деген ынта», деп есептеді. Бар күшін салып мүшесі талғанша оқу мен жазуды әдет етті. 1957 жылы шыққан «Зұлымдық гүлдері» кітабы адамгершілік қағидаттарға жат деп танылып, басып шығаруға тыйым салынды. Білімсіз діндарлар мен ессіз тобырды, тән үшін тағат тапқан, тереңді білмес жатыпішер пенделерді қатаң сынға алды. Бүгінгі әңгіме ақынның «Париждік сплин», прозамен жазылған өлеңдері хақында болмақ.
Аймақтар • 09 Қаңтар, 2023
Жергілікті мердігерлерге сенім
Бірнеше күн бұрын құйындай соққан дүлей дауыл салдарынан Жаңатас, Қаратау қалаларындағы тұрғын үйлер мен нысандардың шатыры ұшып, электр бағаналары құлап, жұрт жарық пен жылусыз қалған болатын. Жергілікті атқарушы биліктің жедел іске кірісуімен аталған қалалардағы жағдай ретімен қалыпқа келді. Қазір жұрт жарықтан тарығып отырған жоқ, ауыз су және жылумен қамтылды.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Өткен жыл ел тұрғындарының есінде баға қымбатшылығымен ұзаққа сақталары анық. Азық-түлікпен қоса, тұрмысқа қажетті заттар мен бұйымдардың бағасы шарықтап өскенін байқадық. Әсіресе тұрмыста пайдаланылатын химиялық өнімдердің бағасы бүгінде бет қаратпайды.
Қоғам • 09 Қаңтар, 2023
Басты міндет – қоғамның сенімі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір мемлекеттік орган ашық жұмыс істеп, тұрғындармен байланысты нығайту керектігін тапсырған болатын. Мұны қаперіне алған Ішкі істер министрлігіне қарасты құрылымдар халықпен ашық диалог орнатуға көшкен. Байқайсыз ба, бұрынғыдай полиция ғимараты табалдырығын тоздырып, ішке ене алмай жүрген тұрғындар жоқтың қасы. Тіпті әлеуметтік желіде құқық қорғау органдарына қатысты мәселе туындаса, шағымға жедел жауап беріліп жүр.