Руханият • 30 Қаңтар, 2023
Біз білетін Бекен Қайратұлы – ақпарат аламанында бәйгенің алдын бермес ақтаңгер журналистердің бірі. Ең басты ерекшелігі, қазақтың қара тіліне келгенде қамшы салдырмайды. Ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайды. Сөйлесе таңдайынан бал тамады. Жазса сөздің сөлін шығарады. Осы ойымыздың айғағындай оның мәнді мақалалары оқырман олжасына айналғалы қашан.
Кино • 30 Қаңтар, 2023
Монтаж... Фильмге жан бітетін кезең.«Қара қыз» жобасының түсіру кезеңі біткелі де біршама уақыт өтті. Жалпы, кино үш рет өмірге келеді. Ол сценарий жазылғанда, түсірілім болғанда, сосын монтажда. Режиссер үшін нағыз тыныш кезең – соңғысы. Менің де сол монтаждың «ләззатына» шомылып жүрген кезім. Монтаждан соң «укладка», яғни фильмнің диалогін қайта жазу, оған философиялық рең беру (мен үшін) және экрандағы сөз мәдениетін сақтау.
Білім • 30 Қаңтар, 2023
Білім бағдарламасының озығы қайсы?
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары оқу орындарының 2022 жылға арналған білім беру бағдарламасының рейтингін жариялады. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы жүргізген рейтингтің жоғары оқу орындары мен жұмыс берушілер арасында қарым-қатынасты нығайтуға, нарық сұранысына сай кадр даярлауға септігі тиеді.
Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік кесел әл бермей тұр
Мемлекет басшысы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбеюі ұлт саулығына зор қауіп төндіретінін айтқан еді. «Қазіргі ахуал өте күрделі, соңғы үш жылда тәркіленген «синтетиканың» көлемі 10 есе артқан. Уақыт өткен сайын мұндай есірткі арзан әрі қолжетімді бола бастады. Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы емін-еркін сатып алып жатыр. Есірткіні, тіпті үйге әкеп беретіндер бар. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел», деген Президент бұл қылмыспен күрес жалпыұлттық деңгейде жүргізілуге тиіс екенін де қатаң ескерткен еді.
Ең қысқа әңгіме • 30 Қаңтар, 2023
Шамамен 1999 жылдың күз бен көктемінің бірі. Астана қаласындағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ драма театрында ақын-жазушылармен кездесу өтетін болды. Ел қатарлы біз де бардық. Кездесуді жүргізіп отырған ақын Есенғали Раушанов залда отырған қаламгерлерге кезек-кезек сөз беріп қояды.