Абай • 29 Қаңтар, 2020
Абай философиясы – жаңашылдық жаршысы
Бірде мектеп мұғалімі алдындағы оқушының «Қанша ғасыр өтіп кетсе де, Сократтың атын адамдар қалай ұмытпаған?» деген сұрағы жөнінде әңгімелеген еді. Балдырғанның сұрағы ересектер тарапынан езу тартқызар, бірақ тәжірибелі ұстаз баланың еркін ойлай алатынына, сұрақтың астарынан шәкірттің білімге деген құштарлық қуатының байқалатынына өзі де сүйсінгенін жасыра алмап еді...
Абай • 29 Қаңтар, 2020
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастыруымен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Абай музейі және қолжазбалар әлемі» тақырыбында көрме ашылды. Көрме аясында Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен меймандары үшін музей қорындағы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты тарихи құжаттар мен архивтік деректер, құнды қолжазбалар, домбырасы және ақынның 1885 жылы тарихи өлкетану музейіне өз қолымен тапсырған жәдігерлері таныстырылды.
Абай • 29 Қаңтар, 2020
Ақын тойы туған топырағында жалғасты
Биылғы жылдың басты мерейтойларының бірі – Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы 21 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Арқа төрінде салтанатты түрде басталған еді. Алаштың астанасынан бастау алған мерейтойлық шаралар эстафетасын 22 қаңтарда ақынның туған топырағы Шығыс Қазақстан облысы бірден іліп әкетіп, өңірдің қалалары мен аудандарында бірқатар тағылымды шаралар ұйымдастырылды.
Қоғам • 29 Қаңтар, 2020
Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде 100 орындық балабақша ғимараты бүлдіршіндерді қабылдауға сақадай-сай болса да бірнеше айдан бері қаңырап бос тұр. Құрылысты жүргізген компания «шығынға баттық» деп шағымданса, ауыл тұрғындары балабақша тапшылығынан сәбилерін қалаға сүйреп жүр.
Медицина • 29 Қаңтар, 2020
Жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаудың тәртіптеріне бірқатар өзгеріс енгізілді. Әсіресе онда көмек нағыз мұқтаждарға беріліп, еңбекке белсенділікті арттыру көзделген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Еңбек етуге ынталандырудың жаңа тәсілдеріне баса мән беріліп, Атаулы әлеуметтік көмекті асыра пайдалану барынша азаяды», деген еді. Ендеше, жаңа тәртіп халыққа да, ел қазынасына да тиімді бола ма?