Қазақстан • 26 Қаңтар, 2024
Әлем жыл емес, күн сайын өзгеріп жатыр. Жұмысты ұйымдастырудың, басқарудың әдіс-тәсілдері қайта қаралып, жаңа технологиялар, мамандықтар мен салалар пайда болып келеді. ХХІ ғасырдағы жаңа мамандықтардың көбі IT саласымен байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған сұхбатында да жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге және озық білімді тиімді пайдалануға қабілетті жастардың рөлі туралы айрықша айтылған.
Қоғам • 26 Қаңтар, 2024
Татулыққа тіл тигізу – мәдениетсіздік
Татулықты ту еткен елімізде қазақ ұлты мен басқа этнос өкілдері бейбітшілік пен келісім қағидасының құнын тереңінен түсінеді. Себебі бірлікке, татулыққа, келісімге ұмтылған мемлекетте адамның ар-ожданы биік, қоғамның ілгерілеуі мен өркендеуі демократияға жол ашады.
Саясат • 26 Қаңтар, 2024
Халықаралық қарар орындалуға тиіс
Кеше елордада Астана процесі аясында Сирия жөніндегі келіссөздер өтті. Жиынға аталған форматтың кепілгер мемлекеттері Иран, Түркия және Ресей қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен мәлімдеме жасады.
Экономика • 26 Қаңтар, 2024
Қадірін білгенге алтын құйма сенімді инвестиция құралы бола алады. Оның нарықтағы өтімділігінің басты кепілі – банк пен банктік емес айырбастау пунктері клиентке сол мезетте ақшасын төлей отырып, алтын құймаларды кері сатып ала алатындығында. Осыған қызықты ма екен, былтыр екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пунктерінде жалпы салмағы 1,6 тонна болатын 38 729 алтын құйма саудаланыпты.
Экономика • 26 Қаңтар, 2024
28 ірі жоба: Нәтижесін уақыт көрсетеді
Жамбыл өңірінің экономикалық әлеуетін арттыру мақсатында біршама жұмыс атқарылып жатыр. 2023 жылдың қыркүйек айында өңір тізгінін қолға алған Ербол Қарашөкеев бірнеше айдың бедерінде шетелдік әлеуетті инвесторлармен кездесіп, инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың жолдарын пысықтады.