Рухани және эстетикалық модельдің арқауы
Жастар жылының ашылу салтанатында Президент тарапынан да, жастар тарапынан да көптеген жақсы ұсыныстар айтылды.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жастар жылының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде «Жас сарбаз» қозғалысы негізінде әскери-патриоттық тәрбие беру ісін дамыту қажеттігін баса айтты. Президент осы орайда Үкіметке 2025 жылға дейінгі әскери-патриоттық тәрбие беру бағдарламасын әзірлеуді тапсырды.
Jastar jyly el damýyndaǵy mańyzdy ózgeristerdiń alǵysharty bolatyny anyq. Bulaı kesip aıtýymyzdyń birneshe sebebi bar. Taıaýda Elbasy Nursultan Nazarbaev elimizdiń mańdaıaldy jastarymen kezdesip, mańyzdy birqatar baǵyttardy atap kórsetti.
Елімізде алып мегаполисте қоғамдық көлік саласындағы реформалар нәтижелі жеміс бере бастағандай. Бірер жыл бұрын қолданысқа енген «Оңай» электронды билеттер жүйесі, қоғамдық көліктерге арналған арнайы жол белгілері мен Еуро-5 санатындағы жаңа автобустар біраз түйткілді мәселенің түйінін шешкендей болғаны рас. Мемлекет тарапынан бөлінген субсидия шаһардағы тасымалдаушы компаниялардың тасын өрге домалатып-ақ тұр.