Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен әр аймақтан жиналған белсенді жастардың басы қосылып, жастар жылының ашылу салтанаты өтті.
Жастар жылында әлі күнге дейін масылдық пиғылымен «не болады?, не береді?» деген жастар көп. Бұл дұрыс емес. Осы уақытқа дейін жастарға барлық жағдай жасалынып келді. Әлі де жасалына береді. Пайдалана білген жасқа елімізде барлық мүмкіндік бар.
Елбасы жастарға жалғызбасты, науқас жандарға қайырымдылық таныту қажет екенін айтып өтті. Бүгінде еріктілердің жетекшісі ретінде біршама қайырымдылық шараларын атқарып келеміз. Және бұдан кейін де Сыр жастарын жақсылық, қайырлы іс жасауға шақырамыз. Сондай-ақ Елбасы қайырымдылықпен айналысатын еріктілердің шәкіртақысы 30 пайызға көбейетінін де баса айтты. Бұл жастарға үлкен қолдау деп білемін.
Бізге, жастарға, артар сенім де, жауапкершілік те үлкен. Сондықтан Елбасының сөзімен айтсақ, біз, жастар, Отанымызда жүзеге асырылып жатқан барлық үдерістерге атсалысуымыз қажет.
Сағатбек СИЮОВ,
«Жылы жүрек жастар» еріктілер тобының жетекшісі
Қызылорда облысы