Енді осы ұсыныстар, Елбасы тапсырғандай нақты іске асса, біршама нәтиже болатын сияқты.
Мен өзі әдебиет саласының өкілі болғандықтан, жиында семейлік замандасым, жас ақын Мерей Қарттың Қазақстанда әдебиет академиясын құруды қолдау туралы бастамасын қуана құптаймын. Ол ұсыныс бұған дейін Астанада өткен Жастар форумында, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек тарапынан айтылып, жастар арасында кеңін қолдауға ие болған еді. Енді бұл мәселеге мемлекеттік тұрғыда көңіл бөлініп, шешімін тауып жатса, неге қуанбасқа?
Жалпы, әдебиет дегеніміз – альма-матер, идеялар локомотиві. Әдебиет және оның жанрлары тудырған идеялар барлық гуманитарлық, ғылыми-теxникалық прогрестің қайнар бастауында тұр.
Сондықтан академияның құрылуын қолдаймын! Әдебиет академиясы – жаңа идеялар академиясы, жаңа қазақстандық руxани-эстетикалық модельдің арқауы болады деп ойлаймын.
Ерлан ЖҮНІС,
ақын, Қазақстан жазушылар одағы Алматы облыстық филиалының жетекшісі