Қоғам • 28 Қаңтар, 2020
Елордада мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне сабақ болмайды
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші және екінші ауысымындағы 0-11 (12) сыныптары оқушылары үшін және 1-2 курс колледж студенттері үшін сабақ болмайды. Бұл туралы қалалық Білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 28 Қаңтар, 2020
Биыл ақпанда банк жүйесі активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау аяқталады - М. Әбілқасымова
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова 2020 жылы 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған тапсырмаларды іске асыру шаралары туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Экономика • 28 Қаңтар, 2020
Ұлттық банк 2030 жылға дейінгі Ақша-несие саясаты стратегиясының жобасын әзірлейді
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Үкіметтің 24.01.2020 жылғы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалуы туралы баяндады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 28 Қаңтар, 2020
Теннис: Кукушкин мен Бублик жұбы жартылай финалға шықты
Қазақстандық жұп – Михаил Кукушкин мен Александр Бублик Мельбурнде өтіп жатқан Австралияның ашық біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды.
Спорт • 28 Қаңтар, 2020
Шайбалы хоккей: «Барыс» «Автомобилисті» ұтты
Құрлықтық хоккей лигасындағы (ҚХЛ) кезекті тур ойынын Екатеринбургте өткізген Нұр-Сұлтанның «Барысы» жергілікті «Автомобилистен» басым түсті.