Тұсаукесер кездесуде олар әлемдегі ең мықты жұптардың бірі, былтырғы жылғы Ролан Гарростың жеңімпаздары, германиялық Кевин Кравиц пен Андреас Мисті 6:3, 7:6 есебімен ұтқан еді.
Екінші кезеңде жерлестеріміз Оңтүстік Кореяның оғландары Нам Джи Сун және Сон Мин-Кьюмен күш сынасты. Бұл бәсеке 6:7, 6:4, 7:5 есебімен аяқталды.
Үшінші айналымда біздің жігіттер америкалық Сэм Куэрри және Стив Джонсонмен шеберлік байқасып, 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.
Ширек финалда Михаил Кукушкин мен Александр Бублик жұбы корт қожайындары – Джеймс Дакворт және Марк Полманстан басым түсті. 1 сағат 44 минутқа созылған сайыста 7:6, 7:5 есебі тіркелді.
Осылайша, қазақстандық теннисшілер өздерінің спорттық мансаптарында тұңғыш рет «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстың жартылай финалында күш сынасу құрметіне ие болды.